Өңірлер

Алматы тұрғындарына бір аптада 16 миллион теңге айыппұл салынды

© REUTERS / Tingshu WangНакрытый столик в ресторане Quanjude Peking roast duck в Пекине
Накрытый столик в ресторане Quanjude Peking roast duck в Пекине - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәсіпкерлік субъектілері көбіне жұмыс және маска режимін бұзады, дезинфекциялық құралдарды пайдаланбайды

АЛМАТЫ, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматыда бір аптада карантин шараларын бұзғаны үшін 40-қа жуық кәсіпкерлік нысанға айыппұл салынды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мониторинг тобы 2020 жылдың 7-14 қыркүйегі аралығында 39 нысан мен 83 жеке тұлғаның карантин режимін бұзғанын анықтады. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 16 миллион 376 мың теңге", - делінген әкімдік ақпаратында.

Сондай-ақ, бір материал әкімшілік сотқа жіберілді.

Кәсіпкерлік субъектілері көбіне жұмыс және маска режимін бұзады, дезинфекциялық құралдарды пайдаланбайды.  

Әкімдіктің хабарлауынша, Түрксіб ауданындағы "Ламази" мейрамханасында 60 адамға арналған үйлену тойы өткен. Дәл осыған ұқсас заңбұзушылық Медеу ауданындағы "Айлина" мейрамханасында болған. Кәсіпкерлердің әрқайсысына хаттама толтырылып, 230 АЕК немесе 638 940 теңге айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда туған күнін тойлаған шенеунік айыппұл төледі

Айта кетейік, мониторинг тобы 17 тамыздан 15 қыркүйекке дейін 9 мыңнан астам тексеріс жүргізді.  

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 3 756 хаттама толтырылды. Өз еркімен 1635 нысан қызметін тоқтатты.

Медициналық бетперде тақпаған 3 366 жеке тұлғаға, оның ішінде Арбат аумағында 69 адамға айыппұл салынды.

Сонымен қатар 27 тамыздан бері қоғамдық көлікте медициналық бетперде тақпаған 61 адамға айыппұл салынды.

Жаңалықтар
0