Қарасай аудандық сотында блок бекеттегі жол апатына қатысты отырыс өтіп жатыр

Блок бекетте 2 адамды өлтірді деген күдікке ілінген экс-полицей: Есімде ештеңе жоқ  

1928
(Жаңартылды 09:49 16.09.2020)
Сотталушы ­– ­полиция қызметкерлерінің өліміне кінәлі деп танылған құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері Азат Азаматов

АЛМАТЫ, 15 қыркүйек — Sputnik. Алматы облысының Қарасай аудандық сотында екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған блок бекеттегі жол апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы басталды. Істі судья Мәди Көшікбаев жүргізді, деп хабарлады Sputnik Казахстан тілшісі сот залынан.

Полицияның бұрынғы қызметкері Азат Азаматовқа Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша айып тағылды.

В Карасайском районном суде проходит заседание по ДТП со смертельным исходом на блокпосте
© Sputnik / Тимур Батыршин
Қарасай аудандық сотында блок бекеттегі жол апатына қатысты сот талқылауы өтіп жатыр

Сотқа мемлекеттік айыптаушы, қайтыс болған полиция қызметкерлерінің жақын туыстары, Азат Азаматов және оның заңды адвокаты қатысып жатыр. Жәбірленуші Ербұлан Сейдазым ­–  жол апатында зардап шеккен үшінші азамат сот отырысына келген жоқ.  ­

В Карасайском районном суде проходит заседание по ДТП со смертельным исходом на блокпосте
© Sputnik / Тимур Батыршин
Сотқа мемлекеттік айыптаушы, марқұмдардың туыстары, Азат Азаматов және оның адвокаты қатысуда

"25 мамырда таңғы сағат 5.20-да мас күйінде BMW автокөлігін тізгіндеген Азат Азаматов жылдамдықты асырған күйі блок бекет пен полиция қызметкерлерінің көлігіне соғылған. Салдарынан екі полиция өкілі оқиға орнында мерт болды, үшінші азаматқа бетонның ұшып кеткен бөлігі тиіп, ауыр жарақат алды", - деді прокурор.

Сот отырысы барысында айыптау актісін тыңдаған қайтыс болған азаматтардың туыстары көз жасын тыя алмады.

В Карасайском районном суде проходит заседание по ДТП со смертельным исходом на блокпосте
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жол апатынан қайтыс болған полицейлердің туыстары

"Құрметті сот, мен өзімнің кінәмді мойындаймын және ол үшін өкінемін", - деп мәлімдеді Азат Азаматов.

Сондай-ақ, айыпталушы жол апаты кезінде ұйықтап қалғанын және есінде ештеңе қалмағанын айтты. Оның сөзінше, 24 мамыр күні оны Көксай кентіне кездесуге шақырған, сол жерде көлікте отырып сыра ішкен.  

"Жол полициясында жұмыс істейтін үш әріптесіммен сыра іштім. Олар ­– менің бұрынғы әріптестерім. Менің есімде басқа ештеңе жоқ, есімді жисам, ауруханада жатырмын. Менің жол апатына кінәлі екенімді айтты. Оқиғаның қалай болғанын білмеймін", - деді Азаматов.

Ол кентке 24 мамыр күні шамамен сағат 23.00-де шыққанын айтты.

"Бұрынғы әріптестерім сыра ішуге шақырды. Машина ішінде отырып іштік, сыраның екі немесе үш бөтелкесін іштім.  Одан кейін есімді жоғалттым, ештеңе есімде жоқ", - деді Азаматов.

В Карасайском районном суде проходит заседание по ДТП со смертельным исходом на блокпосте
© Sputnik / Тимур Батыршин
Блок бекеттегі жол апатына қатысты іс бойынша сот отырысы

Сонымен қатар, ол жол апаты болған сәтте өзінің полиция қызметкері болмағанын жеткізді.

"Жұмыстан шығу туралы өтінішті 20 мамырда жаздым. 21 мамырдан бастап полиция қызметкері емеспін. Полицияда 2014 жылдан бастап еңбек еттім. Осы мерзімде маған тек бір ғана тәртіптік жаза қолданылды", - деп мәлімдеді сотталушы.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Шолпан Нұрахметова құжаттарға сәйкес, Азаматовқа алты жылдың ішінде төрт тәртіптік жаза қолданылғанын атап өтті.

- Сіз қатты соққы болған кезде де ұйықтай бердіңіз бе?, - деп сұрады ол.

- Ұйықтаған жоқпын, есімде ештеңе жоқ, - деп өз сөзін қайталай берді айыпталушы.

- Сіздің кесіріңізден адамдар қайтыс болғанын қай кезде білдіңіз? Ауруханада ма?, - деп сұрады адвокат тағы да.  

- Иә, ауруханада ғана есімді жидым, - деп жауап берді Азаматов.

Сондай-ақ, ол бұған дейін спирттік ішімдіктер ішкенін айтты.

- Бір ішкенде қанша мөлшерде ішімдік ішесіз?- деп сұрады адвокат.

Алайда, ол бұл сұраққа жауап беруден бас тартты.

В Карасайском районном суде проходит заседание по ДТП со смертельным исходом на блокпосте
© Sputnik / Тимур Батыршин
Азаматов: Есімді жисам, ауруханада жатырмын, менің жол апатына кінәлі екенімді айтты

Оқиға кезінде өлім құшқан полиция қызметкерлерінің бірінің әйелі айыпталушыдан жол апаты болған күні ішкі істер органдары қызметкерінің формасын киген-кимегенін сұрады.  

"Барлық көршіңіз сол күні қызметтік форма киіп, қызметтік көлікте отырғаныңызды айтты. Бұл рас па?", - деп сұрады қайтыс болған полиция қызметкерінің жұбайы.

"Жоқ", - деп жауап берді Азаматов.  

Оқиға орнында мерт болған полиция өкілінің әйелі айыпталушының бұл сөзі шындыққа жанаспайтынын айтты.

В Карасайском районном суде проходит заседание по ДТП со смертельным исходом на блокпосте
© Sputnik / Тимур Батыршин
Сот талқылауы өткен аптада өтуі тиіс еді

Сотта жол апатынан қайтыс болған екінші полицейдің әйелі де сөз сөйледі.

"Менің үш кішкентай балам әкесіз қалды. Мен Азат Азаматовты кешірмеймін", - деді қайтыс болған тәртіп сақшысы Жарас Жанғазиевтің әйелі.

Негізінен, бұл сот талқылауы өткен аптада өтуі тиіс еді, алайда отырысқа зардап шегуші тарап келмегендіктен, сот отырысы 15 қыркүйекке ауыстырылған.

Сот отырысына мемлекеттік айыптаушы мен айыпталушы Азат Азаматовтың адвокаты ғана қатысқан. Азат Азаматов ол кезде тергеу изоляторындағы техникалық ақаулардың салдарынан бейнебайланысқа шыға алмаған. Бүгін Азат Азаматовты сот отырысына алып келді.  

Судьяның қойған сауалдарына жауап берген айыпталушы өзінің жұмыссыз екенін және кәмелеттік жасқа толмаған бір баласының бар екенін айтты.

Айыпталушының адвокаты сөз арасында сот отырысына баспасөз қызметі өкілдерінің қатысуы міндетті емес екенін, себебі, аудио және бейнежазба жүріп жатқанын жеткізді. Сот талқылауы ­ашық форматта өтті.

Алматы блок бекетіндегі жол апаты

25 мамырда Көксай шағынауданындағы №4 блок бекетте BMW көлігін тізгіндеген жүргізуші бетон қоршауына соғылған болатын.

BMW патрульдік көлікке қарай ұшып түскен, оның ішінде екі полиция қызметкері отырған.

Машина протаранила полицейское авто на блокпосту в Алматы
© Photo : Polisia.kz
Алматыдағы блок бекетте автокөлік полиция көлігін қағып кетті

42 жастағы тәртіп сақшысы Жарас Жанғазиев жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Алматы полициясының тағы бір қызметкері ­– есірткімен күрес жөніндегі бөлім маманы Ерұлан Сейдазым ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді.

Жол апаты болған сәтте Ерұлан Сейдазым блок бекеттің жанында планшет ұстап, көлік жүргізушілерінің рұқсат қағаздарын тексеріп тұрған. Оның қандай жарақат алғаны белгісіз. Оқиға кезінде оған ұшып кеткен бетон плитасының бір бөлшегі тиген деген мәлімет бар. Тағы бір нұсқа бойынша, айыпталушы алдымен оны қаққан, содан кейін барып бетон қоршауы мен патрульдік көлікке барып соғылған.

1928
Тақырып бойынша
Блок бекеттегі апат: министр ауруханада жатқан полицейге барды
Блок бекеттегі апат: үшінші полицейдің жағдайы туралы ақпарат жарияланды
Алматыда екі полицейдің өмірін қиған апаттың куәгері: жедел жәрдем кеш келді
Блок бекеттегі трагедия: қаза болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі 
Тоқаев Алматыда қаза болған полицейлерді марапаттады
Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі тағы мәлімдеме жасады
Архивтегі фото

"Бомба түскендей шулап жатыр": әкімдік спортзалдағы оқиғаға қатысты түсініктеме берді

3
(Жаңартылды 15:57 22.09.2020)
Салынып жатқан спортзалдың бір блогында шатырдың кішкентай бір шеті құлап кеткен, дүрлігуге себеп жоқ, дейді Алматы облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында дене шынықтыру кешенінің шатыры опырылып құлауына байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, мамандар апаттың себебін анықтауға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы облысының әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, Ұйғыр ауданындағы Шоңжы ауылында дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің үшінші блогы – спортзалдың шатырын жасағанда металл конструкция опырылып құлаған. Бұл блоктың жалпы ауданы 1058,4 шаршы метрді құрайды. Ал бірінші және екінші блоктарға зақым келмеген. 

"Зардап шеккен және қайтыс болған адамдар жоқ. Құрылыстың бас мердігері – "Лидер-НК" ЖШС. Нысанның құрылысы өткен жылы қараша айында басталды", - дейді әкімдік мамандары.

Қазіргі кезде облыс әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған әкімнің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов басшылық етеді. Жұмыс тобының өкілдері апаттың себебін анықтау мақсатында оқиға орнына аттанды. Олардың арасында облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Усманбаев та бар. Оның айтуынша, дүрлігуге себеп жоқ. Өйткені шатыр құлаған нысан – дене шынықтыру кешенінің бір блогы ғана. Ал фотодан үлкен бір аймақ сияқты көрінеді.

Оқи отырыңыз: Кәсіпкер Нұр-Сұлтанның қымбат үйлерінің қорқынышты фотоларын жариялады   

"Қазір жұрт ядролық бомба түсіп кеткендей шулап жатыр. Шын мәнінде бір блокта шатырдың кішкентай бір шеті құлап кеткен. Ана бір жас бала фотоға түсіргенде дұрыс қырынан алмаған. Сөйтіп, суретті жан-жаққа таратып жіберген. Қазір комиссия қай жерден қате кеткенін анықтауға кірісті. Бір айдың ішінде белгілі болатын шығар. Біз де осында жүрміз", - деді Усманов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.       

Оның сөзіне қарағанда, дене шынықтыру кешені Шоңжы ауылының шетінде орналасқан. Құрылыстың екі блогы салынып тұр. Үшінші блоктың шатыры қалпына келтіріледі.

"Жоспар бойынша нысанды жыл соңына дейін тапсыру қажет. Болмаса, тағы бір айға созамыз. Ауыр жұмыс емес, жылдам аяқтайды", - деп түйіндеді Усманов.

Құрылыстың жалпы құны – 1,1 миллиард теңге. Ол жерде бір уақытта 180 спортшы жаттығу жасай алады.

3
Кілт сөздер:
бомба, шатыр, спорт зал
Тақырып бойынша
Оралда темекі тартуға шыққан тұрғындар балконмен бірге құлап кетті
Астанада кран құлап, 29 жастағы жігіт қаза тапты
Петропавлда жұмысшының үстіне құрылыс плитасы құлап кетті
Астана билігі "сақалды" құрылыстардағы крандарды алып тастауға кірісті
"Отырамыз ба тозып?" Қарағандыда құлап қалған үйдің тұрғындары шу көтерді  
Архивтегі фото

Құдалық пен қыз ұзату тойын өткізген алматылықтарға ірі көлемде айыппұл салынды

1649
Алматыда 3 801 әкімшілік хаттама толтырылды, 2 693 жеке тұлғаға маска режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды

АЛМАТЫ, 22 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында кәсіпкерлік нысандар мен жеке тұлғаларға бір аптада бес миллион теңге айыппұл салынды. Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне қарасты мониторингтік топ он нысан мен 51 жеке тұлғаның карантин режимін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сонымен қатар әкімшілік соттың қарауына бір материал тапсырылған.

Қалада мониторингтік топ 17 тамыздан бері шағын және орта бизнестің эпидемиялық талаптарды сақтауына қатысты тоғыз мыңнан астам тексеру жүргізген.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 3 801 хаттама толтырылды. 2 693 жеке тұлғаға маска режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Шағын және орта бизнестің 1 635 субъектісі өз еркімен қызметін тоқтатты. Сотқа 19 материал тапсырылған", - деп хабарлады департамент.

Негізгі тәртіп бұзушылықтар – маска режимінің сақталмауы, жұмыс режимінің бұзылуы, дезинфекциялық құралдардың болмауы, жаппай көпшілік шараларды ұйымдастыру.

"18 қыркүйекте Жетісу ауданында орналасқан "Данияр" мейрамханасында ұзату той өткізілгені туралы ақпарат келді. Одан кейін жедел түрде мониторингтік топ Жетісу ауданының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп тексеруге барған. Банкет 50 адамның қатысумен өткізілген. Жеке кәсіпкерге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-тармағы бойынша 230 АЕК (638 940 теңге) мөлшерінде әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды", - деді департамент өкілдері.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда туған күнін тойлаған шенеунік айыппұл төледі 

Одан бөлек, 20 қыркүйекте түнде Медеу ауданында жекеменшік үйде құдалық өткізіліп жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Жеке тұлғаларға қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылған.

Әуезов ауданының мониторинг топтарының жұмысы барысында "Мята" кафесінің түнгі 23.00-ден кейін жұмыс істегені, сондай-ақ, адамдардың топтасып, жиналғаны анықталды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-тармағына сәйкес, 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, бас мемлекеттік дәрігердің қаулысына сәйкес, отбасылық мерекелерді, есте қаларлық шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, құдайы тамақ) өткізуге тыйым салынған.

1649
Кілт сөздер:
айыппұл, той, құдалық
Тақырып бойынша
"Енді ұят болады": Танымал қазақ әншісі фонограммаға қатысты ойын айтты
Алматы тұрғындарына бір аптада 16 миллион теңге айыппұл салынды
Өскеменде тойға келген қонақтар терезе арқылы қашты – видео
Жүздеген адам білім министрімен фотоға түскен – санитарлар айыппұл салды
Полиция кеме үстінде кеш ұйымдастырған астаналықтарды іздестіріп жатыр
Үйлену тойына дайындалып жатқан отбасы қара жамылды: ауыл тұрғындары не дейді