Өңірлер

"Есеңгіреп қалдым": екібастұздық бала желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

© Photo : pixabay.comТелефон в руках подростка, иллюстративное фото
Телефон в руках подростка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желі қолданушысы бала өзінің ерекше хоббиі мен ақша табу тәсіліне байланысты мектепте қорлыққа тап болғаны жазған болатын

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Маникюр жасап, табыс тауып жүрген он үш жасар екібастұздық Арулан Мұхаметқали әлеуметтік желіде тағы да қызу талқыланып жатыр. Бұл жолы қолданушылардың бірі еңбекқор бала сыныптастары тарапынан қорлығына тап болғанын жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от arulat_nails@ekb (@arulat_ekibastuz)

Бұған дейін Sputnik Қазақстан Арулаттың 12 жасында інісі Бекарыстың еміне ақша табу үшін маникюр жасауды қалай үйренгені туралы жазған болатын. Інісі үшінші қабат биіктігіндей жерден құлап, басын жарақаттап алған еді.

"Естіген кезде есеңгіреп қалдым. Қалай бұлай айтуға болады? Қандай суицид? Суицид туралы ой болған емес. Мен ренжіп отырмын. Қалайша менің рұқсатымсыз бұлай жасауға болады? Сыныптастарым, барлығыңа рақмет, сендер маған үлкен қолдау көрсетіп келесіңдер", - деді Арулат жеке парақшасында жариялаған видеода.

Сонымен қатар бала ұстаздары мен тәлімгерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

 

Жаңалықтар
0