Қамыс, архивтегі фото

Жамбыл облысында жоғалып кеткен жеті жасар бала қамыс арасынан табылды

1447
Жамбыл облысының полициясы 15 қыркүйекте жоғалып кеткен жеті жасар баланың аман-есен табылғанын хабарлады

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында 15 қыркүйекте жоғалып кеткен жеті жасар баланы іздеу жұмыстары аяқталды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бала аман-сау табылды, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бір күн бұрын жоғалып кеткен баланы ерікті ретінде іздеу жұмыстарына қосылған тұрғындар мен полиция қызметкерлері тапты.

"Бала Көкжелек ауылынан, қамыс арасынан табылды. Бала сол жерде түнеген. Бұл – полиция мен жағдайға немқұрайлы қарамаған азаматтардың ауқымды жұмысының нәтижесі. Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов кәмелетке толмаған баланы іздеуге қатысқандардың барлығына алғысын білдірді", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Күшаман ауылында тұратын жеті жасар баланың жоғалып кеткені хабарланды.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында жоғалған 7 жасар баланы тікұшақпен іздеп жатыр 

Баланы іздеуге 400-ге жуық адам жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына полиция, әкімдік, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен еріктілер, төтенше жағдайлар департаментінің тікұшағы және жергілікті орман шаруашылығының АН-2 ұшағы қатысты.

1447
Кілт сөздер:
қамыс, жоғалып кеткен бала, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Алматыда 9 жасар бала із-түзсіз жоғалып кетті
Алматыда полицейлер екі баланы түні бойы іздеді
Атырауда үйдің ауласынан 6 жасар қыздың денесі табылды
Бала зорланбаған: Шығыс Қазақстанды дүрліктірген оқиғаның жай-жапсары анықталды
Алматыда 250 адам жұмыла іздеген бала табылды
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

22
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

22
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті
Архивтегі фото

Жамбыл облысында есірткі тасымалдаған қылмыстық топ сотталды

45
Күдіктілерді тінту шаралары барысында жалпы салмағы 100 килограмм марихуана есірткі заты табылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың тоғыз мүшесі сотталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Сотталушыларға 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында Жамбыл облысында полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері өңірдегі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қырғызстаннан Қазақстанға аса ірі көлемде "марихуана" есірткі затын тасымалдаумен айналысқан адамдарды әшкерелеп, ұстаған болатын.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында өзге өңірдің екі тұрғыны 700 келі есірткімен ұсталды 

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметовтың айтуынша, тінту шаралары барысында ұсталғандардан жалпы салмағы 100 килограмм марихуана есірткі заты табылған.

"Алдын ала тергеу нәтижесінде топ басшылары мен мүшелері шекарада марихуана сатып алып отырғандығы анықталды, оны сату үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберіп отырған", - дейді Қалметов.

Жыл басынан бері облыс бойынша есірткімен байланысты 508 қылмыс тіркелген. Заңсыз айналымнан 2,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 1,5 келі героин, 55 келі гашиш және 2,5 келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.    

45
Кілт сөздер:
қылмыстық топ, есірткі, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Қызылордада полицейлер есірткі диллерлерін тікұшақпен қуып жүріп ұстады – видео
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді  
Байқоңырда көпбалалы ана сотталды
Шетелде өмір бойына сотталған тағы бір қазақстандық туралы ақпарат шықты