Құжаттар, тексеріс

Алматының денсаулық басқармасын құқық қорғау органдары тексеріп жатыр

188
(Жаңартылды 15:43 17.09.2020)
Басқарма басшысы қаржының медициналық ұйымдарды дайындауға, жеке қорғаныс құралын сатып алуға, дәрі-дәрмек қорын қалыптастыруға жұмсалғанын айтып өтті

АЛМАТЫ, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын коронавируспен күреске бөлінген ақшаның жұмсалуына байланысты құқық қорғау органдары тексеріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Басқарма басшысы Қамалжан Надыров тексеру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын растады, алайда тергеудің қандай бап бойынша басталғанын айтпады.

"Расында да коронавирусқа қарсы күреске бөлінген қаржының жұмсалуын бақылауға байланысты жұмыс жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іске қатысты ештеңе айта алмаймын. Бұл сауалды құқық қорғау органдарына қою қажет. Ал жалпы басқарма штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бүгінде жұмысқа санкция салу секілді шаралар жоқ", - деді Надыров.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бюджет қаражатының дұрыс пайдаланылуын бақылау және қадағалау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 

Брифинг барысында Надыров қолында наурыздан бері қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қанша қаражат бөлінгені және оның қайда жұмсалғаны туралы нақты ақпарат жоқ екенін айтты. Алайда басқарма басшысы қаржының медициналық ұйымдарды дайындауға, жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға, дәрі-дәрмек қорын қалыптастыруға жұмсалғанын айтып өтті.

Басқарма басшысы жұмсалған қаражат туралы нақты ақпаратты жазбаша нұсқада беретінін жеткізді.

188
Кілт сөздер:
тексеріс, денсаулық сақтау, Алматы
Тақырып бойынша
Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны шамамен қашан басталатыны айтылды
Министр Цой: коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатырмыз
ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді
Коронавирустың белгісі жоқ науқастар не істеуі керек – Надыров жауап берді
Түркия коронавирустың "екінші шыңына" қатысты мәлімдеме жасады
Архивтегі фото

"Дуа ма, әлде сиқыр ма?": Түсініксіз рәсім қарағандылықтардың зәресін ұшырды

628
Белгісіз біреулер қаладағы адам көп жүретін саябақта сабына жіп байланған пышақтарды төрт-төрттен қадап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қарағандыда ерекше рәсім жасаумен жұртты шошытқандар іздестіріліп жатыр.

Белгісіз біреулер қаладағы адам көп жүретін саябақта сабына жіп байланған пышақтарды қадап кеткен. Оның айналасында тиындар шашылып жатыр, деп хабарлады КТК.

Ас пышағы төрт-төрттен төрт жерде қадалып тұр. Үрейі ұшқан тұрғындар бұның не үшін жасалғанын түсінбей жатыр. "Дуа ма, әлде сиқыр ма?" деп бас қатыруда. Ал мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. Соңғы мәрте жасалған түсініксіз рәсім бұқараның тіптен зәресін ұшырды. Өйткені соңғысында пышақты жерге кесілген бауырмен бірге қадаған. Қазір оның қай жануарға немесе аң-құсқа тиесілі екені анықталуда.

Күйеуін қайтармақшы болған: баласына он ине тыққан әйел сотталды

Мұндай көрініс бұған дейін де болған. Ол кезде 68 жастағы зейнеткер әйел осы әдіспен аяғын емдеген. Бірақ сол үшін 8 мың айыппұл төлеген. Ал бұл жолғы елдің зәресін алғандар ұсталса да, жауапқа тартылмайды екен.

"Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалмайды. Тек осы нәрсені жасаған адамды анықтауымыз керек. Оның ақыл-есі дұрыс па, бұрыс па, сол жағы тексеріледі. Егер ақыл есінде кемістігі болса, оны психдиспансер сынды мекемеге жібереміз. Алдымен қолға түсіруіміз қажет. Бірақ ол адам ешқандай жазаға тартылмайды", - дейді Қарағанды қалалық ПБ орталық бөлімше бастығының орынбасары Асылбек Сейітжанов.

628
Тақырып бойынша
Діни рәсім кезінде 11 адам күріш жеп, көз жұмды
Қызылордалық әйел дуадан құтылу үшін 9 миллион теңгеcін шығындаған
Әпкесін өлтірген жігіт сот залының төбесі арқылы қашып кетпекші болды – видео
Көкшетауда ақыл-есі кем адам көшеде дұға оқып, жұрттың үрейін туғызды
Ребенок у окна, архивное фото

Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды

93
Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталды, қылмыстық іс тоқтатылды

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде баланы сүлгімен ұрған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлады өңірлік "Мой Город" басылымы.

2020 жылдың наурызында Ақтөбе облысындағы "Шағала" шипажайының 58 жастағы тәрбиешісі баланы сүлгімен ұрып-соққаны жария болған еді. Сол жердегі баланың бірі оқиғаны видеоға түсіріп алған, ал оны ата-анасы әлеуметтік желіде жариялады. Бұл шипажайда туберкулезбен ауыратын балалар оңалтудан өтеді.

Видеода балалардың еденде отырғанын, ал ақ халат киген әйелдің бір баланы сүлгімен ұрғанын көруге болады. Бала жыласа да, әйел оны бірнеше рет ұрған. Басқа балалар да "бізді аяқ киіммен де ұрады" дейді.  

Видео жарияланғаннан кейін шипажайға полиция мен прокуратура қызметкерлері барған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті 

Тергеу барысында тәрбиешінің 20 жылдық жұмыс өтілі бар екені белгілі болды. Оның айтуынша, бала тәрбиешіге тіл тигізген. Содан ашуланып, сүлгімен сабай бастаған.

Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталды, қылмыстық іс тоқтатылды.

Ал шипажайдың хабарлауынша, баланы ұрған тәрбиеші мен сол жерде әйелді тоқтатпаған екінші тәрбиеші Еңбек кодексінің 52-бабы 14-бөлігі бойынша жұмыстан босатылған.

93
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, тәрбиеші
Тақырып бойынша
Түркістан облысы лагеріндегі шу: оқиғаның неден басталғаны белгілі болды
"Аюға намаз үйреткен таяқ": тәрбиеші әріп білмеген бүлдіршінді ұрып-соқты – видео
Студент тәрбиешінің балаларды ұрып жатқанын видеоға түсіріп алды
Атырауда тәрбиешінің бүлдіршінді сабап жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Балабақшада балалар кішкентай қызды жабылып соққыға жықты – видео
Бала

Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелінен қашып жүрген ер адамға іздеу жарияланды

0
Психолог кәмелетке толмаған балалардың әкесінен қысым көріп жүргенін және оларға ананың қамқорлығы қажет екенін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Астаналық әйел туған балаларын бір жылдан астам уақыт көре алмай жүр. Прокуратура органдары балаларды анасынан жасырған әкеге іздеу жариялады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтанның жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының баспасөз қызметі.

"Ж.есімді азамат бұрынғы күйеуінен 10 және 11 жастағы балаларын ала алмай жүр. Әйел балаларын өзі тәрбиелегісі келеді, бірақ ер адам бұған көнбей, қарсылық көрсетуде", - деп мәлімдеді сот орындаушылар.

Әйел шарасыздықтан сотқа жүгінеді, бірақ алғашқыда қамқорлық ер адамға берілгендіктен, еш нәтиже шықпайды. Кейін апелляциялық инстанция сот-психологиялық сараптама негізінде шешімді өзгерткен.

Психолог кәмелетке толмаған екі бала әкесінен қысым көріп жүргенін және оларға ананың қамқорлығы қажет екенін анықтады.

"Соңғы үш жыл бойы балалар әкесімен тұрады. Бірақ соттың соңғы шешімімен бүлдіршіндердің тұратын жері өзгерді, енді олар анасымен тұруы керек. Прокуратура органдары ер адамға іздеу жариялады", - деді Нұр-Сұлтанның жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары.

Балалардың әкесі сот шешімімен келіспейді. Бір пәтерден екінші пәтерге көшіп, бұрынғы әйелі мен сот орындаушылардан жасырынып жүр.

Ер адам іздестірілуде.

0
Кілт сөздер:
балалар, Нұр-Сұлтан