Өңірлер

Тағы екі облысқа пойыз жүре бастайды

© Sputnik / Тимур БатыршинПассажирский поезд
Пассажирский поезд - Sputnik Қазақстан
Жазылу
25 қыркүйектен бастап Атырау және Маңғыстау облыстарына жолаушылар пойыздары қатынай бастайды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Ведомствоаралық комиссияның шешімімен екі облысқа теміржол қатынасы ашылады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" компаниясы. 

"Коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Атырау және Маңғыстау облыстарына жолаушылар пойыздары қатынай бастайды", - делінген ресми хабарламада.

Компания пойыздардың тізімін жариялады:

  • №37/38 "Маңғыстау – Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол)" пойызы Маңғыстаудан 26 қыркүйектен, Нұр-Сұлтаннан 28 қыркүйектен бастап жөнелтіледі;
  • №41/42 "Атырау – Алматы-1" пойызы Атыраудан 26 қыркүйектен, Алматыдан 28 қыркүйектен бастап жөнелтіледі;
  • №47/48 "Атырау – Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол)" пойызы Атыраудан 25 қыркүйектен, Нұр-Сұлтаннан 27 қыркүйектен бастап жөнелтіледі;
  • №77/78 "Алматы-2 – Маңғыстау" пойызы 25 қыркүйектен бастап Алматыдан және Маңғыстаудан жөнелтіледі;
  • №309/310 "Маңғыстау – Ақтөбе" пойызы Маңғыстаудан 25 қыркүйектен, Ақтөбеден 26 қыркүйектен бастап жөнелтіледі;
  • №313/314 "Атырау – Маңғыстау" пойызы Атыраудан 25 қыркүйектен, Маңғыстаудан 26 қыркүйектен бастап жөнелтіледі;
  • №691/692 "Ақтөбе – Атырау" пойызы Ақтөбеден 25 қыркүйектен, 26 қыркүйектен бастап Атыраудан жөнелтіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты "105" нөмірі арқылы алуға болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде ресми BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы ресімдеуге, сондай-ақ, санитарлық-карантиндік талаптарды орындауға үндеді. Вокзал аумағында және пойыз ішінде бетперде режимін қатаң сақтау қажет.

Сапарға шығар күні билеттер болмаған жағдайда "Күту парағы" атты тегін қызметті пайдалануға болады.

Жаңалықтар
0