Өңірлер

Тағы бір облыста 8 бірдей мектепте коронавирус анықталды

© Sputnik / СтрингерУчитель измеряет температуру первокласснику перед уроком
Учитель измеряет температуру первокласснику перед уроком  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақстан облысында сегіз білім беру мекемесінде және бір балабақшада 12 адам вирус жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі кезекші сыныптарда коронавирусты жұқтырғандардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметтің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше мектепте және балабақшада коронавирус жұқтырған адамдар анықталды.

"Солтүстік Қазақстан мектептерінде, сегіз білім беру мекемесінде және бір балабақшада 12 адам вирус жұқтырды. Барлық жерде қажетті эпидемиологиялық шаралар қолға алынды", - деді Қожахмет орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, байланыста болған барлық адам 14 күнге үй карантиніне жіберілген.

"Осылайша, Қазақстанның екі өңірінде кезекші сыныптарда коронавирус анықталды. Барлығы 16 бала ауырып қалған", - деп атап өтті Қожахмет.

Оқи отырыңыз: Қатаң карантин қай кезде енгізіледі – денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді 

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныптар мен шағын мектептерде төрт оқушы коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат тараған болатын. Атап айтқанда, Шемонаиха ауданының төртінші сыныбында оқитын екі оқушы, Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы. Науқастар оқитын мектеп шағын жинақталған мектеп болып саналады. Екі сынып пен бір мектеп екі апталық карантинге жабылды.

Жаңалықтар
0