Бағлан Әбдірайымов, Жігіттер тобының солисі

"Ащы шындық" Қазақ жігіттерін кінәлаған белгілі әншінің басы дауға қалды

7330
(Жаңартылды 12:46 10.04.2019)
Әнші Бағлан Әбдірайымов қазақ жігіттерін масқаралайтын жазба жариялап, желіні шулатты

АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. "Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов отандық телебағдарламада арын 2 миллион теңгеге сатпақ болған қызға қатысты өз ойын білдіріп, мұның барлығына қазақ еркектері кінәлі деп жазды.

Оның пікірінше, еркегі мықты болса, әйелдер бұлай төбеге шықпас еді. Ал "тәйт" деуі тиіс еркектер мұндайға "лайк" басып, қазір тым ұсақталып кеткен.

"Ләйлә ханым да, арын 2 миллион теңгеге сатқысы келген анау қарындас та кінәлі емес! Көшеге баласын тастап кеткен қыз да, шарбаққа іліп кеткен де, әжетxанаға тастаған да, қазақтың ұлттық сәукелесімен суретке жалаңаш түскен Шынар да , клубта шешінген Байзақова да, қытайға, қара нәсілдіге тиіп жатқаны да, тағы басқа! Кінәлі – үйде отырған әкесі, ағасы, інісі, яғни біз еркек тоқтылар кінәліміз!", деп жазды ол инстаграмдағы парақшасында.

Әнші өз жазбасында Омар Жәлелдің, Сабыр Адайдың қазақ жігіттерін қамшылайтын сөздерін мысалға келтіре кетуді де ұмытпаған. Оның үстіне ол желіде жырбаңдауға мәжбүр нәзік жандардан кешірім де сұраған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Өз ойымға ӨЗ ОЙЫМ... Ләйлә ханым да, анау арын 2 - млн тг сатқысы келген қарындас та кінәлі емес! Көшеге баласын тастап кеткен қыз да, шарбаққа іліп кеткен де, әжетxанаға тастаған да, қазақтың ұлттық сәукелесімен суретке жалаңаш түскен Шынар да , клубта шешінген Байзақова да, қытайға , қара нәсілдіге тиіп жатқаны да, т.б! Кінәлі - үйде отырған әкесі, ағасы, інісі, яғни біз еркек тоқтылар КІНӘЛІМІЗ! Еще оларға жазылып, "ЛАЙК" басамыз ғой, шіркін. Әйел басқара алмайтын жағдайға жеттік🤦‍♂. Сырттан 💪 деп жүргенімізбен ондай емеспіз. Сөзіміз өтпейді. Майдаланып біттік, қысқасы. Эфирде осындай бағдарлама басқарып, жүргізіп жүрген /қалаулым, өз ойым, кел келінім/ басшылықтағы еркек кінәлі. Өйткені, оны уйде әйелі басқарады. Өз басым, Шешендердің қыздарын немесе Дагестандық арулармен жүріп, туғызып тастап кеткен, құлақтан теуіп кеткен ҚАЗАҚ жігітті көрмеппін. Неге? Өйткені еркегі мықты. Жол бермейді. Айғырдың өзі үйріне еге. Біз кімбіз? Ал, неге бізде бәрі болады. Еркектер қайда? Олар өз қарындастарына қиянат жасап әлек болуда. нәпсінің жетегінде жүр. Омар Жалел ағамыз айтып еді: "Ер" ол - рух, дене - қатын, деп. "Ер" жоқ, қатын көп. Жүрміз дене мүшемізді басқара алмай. Еще, спортқа барсаң "разно-раз" шақыратын ерсіздерді айтсай. Сенімен жаға ұстасқанша абыройымды ұстап қалғым келеді. Қазақ - қазаққа қалай шүйлігеді, не үшін? "Әр қазақ менің жалғызым" деп, Сабыр Адай не үшін ұрандатты? Отанын сүйді, бәрін бауыр, қарындас көрді! Қоғамда мына біздер ерсізден қорқыңдар - Аналар, жеңгелер, қарындастар! 😥 Кешіріңіздер! Еркек болсам да менің де намысы тиіп отыр. Менің де анам, қарындастарым, қыздарым бар. "Біздің елдің жігіттері, жігіттердің сырттаны" едік, ал енді ҚҰРТТАРЫ болдық. Ес жинайық жігіттер!!! Отан - отбасынан басталады. Егер де, әрбіріміз (еркектер) өз отбасымызға ие боп, қарындастарымызды қорғаштай білсек, қыздарымызға ие болсақ, өзгенің аруларын да өзіміздей көріп, сыйласақ, мұндай xалге бармас едік! Өз қарындасымызға мықтымыз деп ойлаймыз, біреудің қарындасының арымен ойнаймыз, сол сәтте үшінші біреу Сіздің де үйдегі қарлығаштың айылдарын ашып кетуде. Ойланайық. Ащы шындық!!! 🤲🏾🙏🕌 Тәртіпсіздер дүремен жазалансын!

Публикация от Baǵlan Abdraımov Kz 🇰🇿 (@baglan_abdraimov_)

"Аналар, жеңгелер, қарындастар! Кешіріңіздер! Еркек болсам да, менің де намысыма тиіп отыр. Менің де анам, қарындастарым, қыздарым бар...Егер  әрбіріміз (еркектер) өз отбасымызға ие болып, қарындастарымызды қорғаштай білсек, өзгенің аруларын да өзіміздей көріп, сыйласақ, мұндай xәлге бармас едік! Өз қарындасымызға мықтымыз деп ойлаймыз, біреудің қарындасының арымен ойнаймыз, сол сәтте үшінші біреу сіздің де үйдегі қарлығаштың айылдарын ашып кетуде. Ойланайық. Ащы шындық!!!", - деп жазды ол.

Тағы оқыңыз: "Дардай атыңызға сын": Асхат Садырбай Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасын жабуды талап етті

Әншінің бұл жазбасы желіде дау туғызды. Оны нәзік жандар қолдап, оған өз ризашылықтарын білдірген. Ал жігіттер жағы мұндай пікірмен келіспеген, олар әншінің жазбасы тым біржақты деп санайды. Әншіге "көп үшін жауап берме" деген мағынада пікір қалдырған.

7330
Кілт сөздер:
инстаграм
Тақырып бойынша
"Неге бермеске?" Танымал қазақстандық жас әнші атақтан дәмелі екенін жасырмады
"Бір көзім көрмейді" Қазақстандық танымал әнші әріптестері жайлы шындықты айтты
Танымал әнші жаңа бейнебаян шығарып, интернетті бұзды - видео
Алматыда елімізге танымал әнші 6 жылға сотталды
"Қайтем жасырып..." Танымал әнші бес әйелі барын ашық айтты - видео
Танымал ресейлік әнші қайтыс болды
Загрузка...