Микрофон

"Өліп қала жаздадым" Көрінбей кеткен танымал әнші араға 11 жыл салып ел алдына шықты

11735
Талай жігіттің арманы болған "Арнау" тобының әншісі Жанар Хамитова жұпыны өмір сүреді дегенге ешкім сенбейтін шығар

АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. 14 жыл бұрын "Superstar.kz" байқауында жарқ етіп елдің көзіне түскен, кейін "Арнау" тобының мүшесі боп "Қап-карашкамен" ән салған Жанар Хамитова аяқасты сахнадан көрінбей кетті. Ел аузындағы қаңқу сөзге сенсек, ол бай кісіге тұрмысқа шығып, қымбат көлік – Bently мініп, үнемі шетел аралап жүреді екен. 11 жыл бойы көзден таса болған Жанар Хамитова алғаш рет "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сұхбат беріп, бұл сөзді ішінара жоққа шығарды.

Ажырасып кеткен әнші бүгіндері Алматыда жалғыз пәтер жалдап тұрады, арасында мейрамханада ыдыс жуып, күнін көреді екен.

"Ол 42 жаста. Мен оған тек разымын. Өйткені маған жақсылық қана жасамаса, жамандық жасаған емес. Ел-елді аралатып, маған үлкен өмірді көрсетті. Бірнеше рет маған қымбат ота жасалды, ақысын сол кісі төледі.

Алдымен Алматыда, одан соң Амстердамда, яғни Голландияда тұрдық. Соңында Қазақстанға қайтып келдік. Құдайдың қалауымен, екі ұлды дүниеге әкелдім. Қазір балаларым әкесінің қолында. Ажырасқанда ұл баланың әкеде болғаны дұрыс деп шештім", - дейді ол.

Меруерт Түсіпбаева: әйел өзінің сезімі туралы айтпауы керек, бұл сондай қулық
Жанар өзінен үлкен ауқатты жігітке бір көргеннен күйеуге тиюге келісімін бергенін айтады. Өйткені, оның айтуынша, сол кезде ол жігітті жолықтырмағанда өліп кетуі де мүмкін болыпты.

"Қатты қиналып жүргенмін. Қасымда ата-анам да болмады. Қолдау көрсететін бір де бір адам болмады маған. Сол кезде ол мені кафеге шақырды. Бір көргеннен сол арада күйеуге тиюге ұсыныс жасады. Алғашында қалжыңдап отырған шығар деп ойладым. Бірақ шын екен, содан сахнаны, бәрін тастап сол жігіттің етегінен ұстап кете бардым", - дейді ол.

Бірақ 11 жылдан соң екеуі ажырасқан. Жанар екеуінің ажырасу себебін ашып айтқысы келмеді. Тек бүгіндері өзіне қолдау керектігін, 300 мың теңге несие алғанын, үй жалдап тұрып жатқанын айтты.

Мақпал Жүнісованың шетелге кеткелі жүргені рас па?

"Азаматтық неке болды бізде. Антальяда тұрдық. Қыркүйек айында мен бір дорбамды алып, күйеуіммен қоштасып кетіп қалдым. 10 долларға көше сыпырдым, 1 мың лирге бала бақтым. Әйтіп-бүйтіп еліме жеттім.

Қазір Алматыда мейрамханаларға барып, ыдыс жуамын. Ақша керек кезде. Таныстардың бәрінен көмек сұрадым. Бірақ бәрі сылдыр сөзбен шығарып салды. Өзімнің періштем - Лиза деген мұғаліміме бардым. Ол кісінің өз студиясы бар. Сонда 40 күн тұрдым. Бірақ бір күні Лиза апай: "Айналайын, неге елден ақша сұрай бересің? Өзіңнің аяқ-қолың жоқ па, бар да ақша тап" деді", - дейді ол.

Қазақстандағы жұлдыздардың махаббат хикаясы - фото

Дегенмен бағдарлама қонақтары әнші қыздың мейрамханаға жалданып, ыдыс жуып жүргеніне еш сенбеді. Оның үстіне көрермендер Жанардың өлім туралы неге айтқанын біразға дейін түсіне алмай дал болды. Осы арада әншінің ата-анасына қатысты сөзі бірдеңені аңғартқандай болды.

"Мені көп жер жұмысқа алмады. Өйткені дипломым жоқ. Оқуды ақшам болмаған соң тастап кеттім. Жоқ, анамды айыптамаңыздар. Ол онсыз да көп тауқымет шеккен адам. Әкем алқаш болды", - деді Жанар.

Гауһар Әлімбекова ел жинап берген 40 мың долларды қайда жұмсайды?

Одан соң бағдарлама барысында Жанардың өзіне 20 шақты рет қол салмақшы болғаны да айтылып қалды. Мұндайға неге бардың деген сауалға ол:
"Өйткені бәрі мені шаршатып жіберді. Ата-анам да, туысқандарым да, бәрі-бәрі" деп көзіне жас алды.

Бағдарлама соңында продюсер Алтынбек Жанарға тойда өнер көрсетуге ұсыныс жасады. Осылайша аптасына 40-50 мың теңге табуға болатынын айтты. Оған Жанар қуанып қалды.

Ренат Гайсиннің әнші Динаямен көңіл қосқаны шын ба?

Ал бүгіндері телехикая түсіріп табыс тауып жүрген режиссер, актер Олжас Нұрбаев та Жанардың қабілетін байқап көруге уәде берді. Ол Жанарды фрик деп атады. Яғни, ешкімге ұқсамайтын тартымды жан.

Бұдан бөлек Жанарға дуэт айту ұсынысы түскен екен, бірақ қаржылық қиындыққа байланысты ол жоба тоқтап қалыпты. Бірақ бағдарлама барысында дуэттің алғашқы өнері көрермендерге жол тартты.

11735
Кілт сөздер:
Қазақстан, видео, әнші
Тақырып бойынша
"Бетіме тиіп кетсе қайтемін" Данэлия Төлешова неден қорқатынын айтты - видео
Бағдат Сәмидинова "халтурщик" әншілер деп кімдерді айтты?
"Ащы шындық" Қазақ жігіттерін кінәлаған белгілі әншінің басы дауға қалды
Таста бұл жұмысты: Аша Матай "Қалаулымнан" кетуге мәжбүр екенін мәлімдеді
Димаш пен Мария Мудряк: Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты - видео
Әнші Ғаділбек Жанай қазақша киім кию бұрын ұят болғанын айтты
Загрузка...