Ержан Максим

Алла Пугачева Ержан Максиммен кездесіп, ерекше құрмет көрсетті

2657
(Жаңартылды 08:45 29.04.2019)
Максим, Роберт, Нино мен Анастасияға "Алла Пугачеваның алтын жұлдызы" тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Алла Пугачева мен Светлана Лобода "Голос. Дети" жобасының ақтық кезеңінде ресейлік әнші Алсудың қызы Микелла Абрамовадан жеңіліп қалған төрт финалиспен кездесті.

Примадоннамен кездесуге Максим Ержан, Роберт Багратян, Нино Чеснер мен Анастасия Иванова қатысты.

"Алла Борисовнаның арқасында біздің балаларымызға осылай қолдау көрсеттік ", - деп жазды конкурстың тәлімгері Лобода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LOBODA (@lobodaofficial)

Пугачева төрт жас әншіге "Алла Пугачеваның алтын жұлдызы" деп аталатын алқа тапсырды. Бұл награданы эстрада аңызы 2005 жылы жас таланттарды қолдау мақсатында құрған болатын. Сонымен қатар балалар дипломдар мен ақшалай жүлде, Лободаның жүлдесін алды, деп жазды "Комсомольская правда".      

26 сәуірде Бірінші арнада "Голос. Дети" шоуының финалы көрсетілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жетті. Алайда интернет қолданушылар финал әділ өтпегенін айтып, шу шығарды.

Ресейлік әншілер "Голос. Дети" байқауы әділетсіз өткенін мәлімдеді 

Тележүргізуші Максим Галкин мен әнші Валерий Меладзе, продюсер Иосиф Пригожин, актер Станислав Садальский финалдың нәтижесіне көңілі толмайтынын мәлімдеп, әлеуметтік желіде өз пікірлерін ашық білдірді. Көпшілік жобада Ержан жеңіске жеткенін айтып жатыр.    

 

 

2657
Кілт сөздер:
Ержан Максим
Тақырып бойынша
Ержан Максим ресейлік байқауда ән айтып жатқан кезде стақан сынып кетті - видео
"Ақшаға сатып алды" Көрермендер Ержан Максимге әділетсіздік жасалғанын айтып шулап жатыр
"Ержан Максим – жеңімпаз!" Ресейлік әртістер "Голос. Дети" байқауын әділетсіз деп айыптады
"Голос. Детидегі" жанжал: дауыс беру хаттамасының фотосы жарияланды  
Ержан Максимнің анасы "Голос. Дети" финалына қатысты пікір білдірді
Загрузка...