Ақбота Керімбекова

Гауһар Әлімбековаға ақша жинаған Ақбота Керімбекованың басы дауға қалды

6725
Ақбота Керімбекова істі болған әріптесіне деп жинаған миллион теңгені не істегенін айтты  

АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Әнші Ақбота Керімбекова "Ел аузында" бағдарламасына берген сұқбатында істі болған әріптесі Гауһар Әлімбековаға ақша жинаймын деп ыңғайсыз жағдайға қалғанын айтты.

 Әлеуметтік желі арқылы әншіге хабарласқандар жиналған ақшаны өз қажетіңе жаратып қойдың деп айыптап, жанын ауыртқан.

Бағлан Әбдірайымов қазақ жігіттерін масқаралайтын жазба жариялап, желіні шулатты

"Бота, сабыр сақта деді"

"Біреуге жақсылық жасасаң, сол таяқ болып тиеді деген рас екен. Тура сол кезде балам да үйленіп, тойға шапқылап жүрдім. Елдің бәрі әлеуметтік желі арқылы жекеме шығып, сан түрлі сұрақ қойып жатты. Бірақ оған жауап беруге менде мұрша болмады. Бәрі ақша қайда, ақша қайда деп шулап кетті. Ақыры шыдамадым. Ерғали ағаға (Әлімбекованың ағасы – агенттік ескерт.) "Мына сұмдық сөздер сай-сүйегімнен өтіп жатыр, бірігіп сұқбат беріп, халықты басайық" дедім. Сөйтіп едім ол кісі: "Бота сабыр сақта, ертең соты болсын, әліптің артын бағайық, бәрі ретімен болады" деп айтты", - дейді ол.

Әлімбекова жиналған ақшаны неге бергізбей қойды

Әлімбекованың үстінен арызданған әйелге жиналған ақша бір емес, екі рет ұсынылған. Біріншісінде арызданушы азсынып, одан бас тартқан. Екіншісінде Әлімбекованың өзі бермеңдер деп бұйырыпты.

"Гауһардың үстінен арызданған Бақыт әпкеге әншілердің атынан жиналған көмек ақша деп бердік. Бірақ ол кісі бұл ақшаны азсынды. Маған 40 мың доллар қылып бересіңдер деді. Одан соң ол кісіні тағы бір рет шақырып алдық. Адвокатымен бірге. Мұны естіген Гауһар Әлімбекова бізге ренжіп, ешкімге ешқандай ақша бермеңдер деді. Өйткені мен ақпын, ол кісінің қолынан ешқашан ақша алған жоқпын, мен де зардап шегушімін деді. Ал ақшаны алған Феруза деген әйел сотталып, түрмеде отыр екен", - дейді Керімбекова.

Сондағы елдің мазасын қашырған асар ақшаның көлемі 1 миллион теңгенің ар жақ бер жағы екен.

"Ақша жинағанда қатты қорықтым. Себебі желіде жалған парақшалар қаптап кетті. Гауһар Әлімбековаға көмекке киви әмиян ашқан. Ал менің атымнан бұл жарнаманы екі күн ғана ұстадым. Халықтан жиналғаны – 1 миллион теңгенің ар жақ-бер жағы. Одан артық ақша түскен жоқ. Оның барлығы менің қағазымда жазулы, есептеулі, санаулы тұр. Ақшаны шешетін кезде Ерғали ағаны ертіп алдым. Өйткені мен қыз баламын, ақшаны ұстаудан қорқамын дедім. Жиналған ақшаны шешіп, сол арада сол кісіге бердім", - дейді әнші.

Тағы оқыңыз: "Дардай атыңызға сын": Асхат Садырбай Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасын жабуды талап етті

Ақшаны Сәуле Әбединоваға беретін болыпты

Сонда, шынымен де бұл ақша қайда кетті? Оған Ақбота былай деп жауап берді: "Ақша менде емес, Гауһар Әлімбековада. Ал ол кісі оны қайырымдылыққа жұмсаймын деп шешіпті. Енді өз еркі ғой, бастысы біз беретін адамына бердік. Сәуле Әбединова деген әпкеміз бар. Сол кісі Аналар деген қор ашыпты. Ақшаны сонда аудармақ, менің естуімше. Ораза айы келе жатыр. Қаланың сыртынан болсын, баспанасыз жүрген отбасыға баспана алып берсек деген ой бар. Бастысы, әпкеміз ақталып, аман шықты, соған шүкір дейміз", - дейді әнші.

Ақботаның жанындағы бөтен еркек кім?

Ақбота Керімбекова тағы да күйеуге тигелі жатыр деген сыбыс шыққан. Оған себеп әншінің су жаңа бейнебаяны. Онда Ақбота бір жігітпен махаббат жырын жырлайды. Әнші өз сұқбатында бұл жел сөзге нүкте қойды.

"Қалай қорықпай жалған ақпарат таратып, біреудің атына ғайбат сөздер жазады, осыны ұқпай қойдым. Мүмкін парақшаларындағы қаралым санын көбейту үшін шығар. Шынын айтқанда, бұл бос сөз. Сазгер Бақытқали Қонысаев деген інімдей болып кеткен бауырым ғой. Дуэт айтайық деп ұсыныс жасады. Қаншама жыл менің қолымда жұмыс істеп, еңбектеніп жүрген бала. Мен оны құп көрдім. Соған қосқан ғой мені. Ол өтірік енді", - дейді әнші.

6725
Кілт сөздер:
ақша, Гауһар Әлімбекова, Ақбота Керімбекова
Тақырып бойынша
Ақбота Керімбекова бұрынғы күйеулері жайлы: "духы" жетпеді
Гауһар Әлімбекова халықтан кешірім сұрап, көзіне жас алды
Әнші Гауһар Әлімбекова түрмеден шықты
Мәдениет министрі: Гауһар Әлімбекованың алаяқтың құрбаны болғанына сенемін
Алматыда елімізге танымал әнші 6 жылға сотталды
"Тойға тегін де барамыз": Халықтың қалтасына қарайтын әншілер кімдер?
Загрузка...