Фильм түсірілімі, архивтегі сурет

"Елдің бетіне қарай алмаймын" белгілі актер өзін қандай мәселе қынжылтатынын айтты

2689
Белгілі қазақстандық актер Жандос Айбасов неге әзірге отандық кино мен сериал түсірмейтіні және сүйіктісіне қашан сөз салатыны туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр - Sputnik. Режиссер мамандығын тәмамдаған қазақстандық актер Жандос Айбасов неге отандық сериалдарды түсіргісі келмейтінін ашық айтты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhandos Aibassov. (@zhandos_aibassov)

Отандық актер алты жыл бойы режиссер болуды армандаған екен. Кино мен сериалдар түсіруге ұсыныс алу үшін талай телеарна мен "Қазақфильм" табалдырығын тоздырыпты.

"Біріншіден, Жандос, түсіре ғой деген ешқандай ұсыныс болған жоқ. Ал, екіншіден, мен режиссер ретінде сериал, клип түсірдім. Бірақ менің түсінгенім бойынша қазіргі жүйемен , былай сериал түсірмей-ақ қояйын. Кәсіби деңгейде де , қаражат жағынан да қолайсыз. Өйткені ертең елдің бетіне қарай алмаймын. Түсінесің бе? Біреуге ақша бөлінеді, біреуге ақша бөлінбейді. Режиссер ретінде, әрине, саған ақша бөлінеді. Бірақ сенен де басқа адамдар бар ол жақта жүрген. Продюсерлердің ассистенттерге, басқа қызметкерлерге көзқарастары басқаша. Мен оны түсінбеймін. Әділетсіздік", - деді актер "Честно говоря" бағдарламасына берген сұқбатында.

Тағы оқыңыз: Әсел Сәдуақасова төсектес болуды сұраған беделді адам туралы айтты

Актер елде фильм түсіру жүйесі өзгеретін болса, кино түсіретінін айтты. Сондай-ақ, өзінің жеке өміріне қатысты ақпаратпен де бөлісті. Сүйіктісінің есімі – Марина. Ол фотограф екен. Актер сүйіктісімен 4 жыл бойы бірге екенін де айтып кетті. Басында желідегілер оның жеке өміріне байланысты түрлі сын айтқан.

"Инстаграм біздің қазекең үшін ойлап табылғандай. Жағымсыз пікір жазып алып, тыныш қана үйде отырады. Ал менің жүйкем тозады. Бұл дұрыс емес. Сондықтан қазір мән бермеймін болдым. Жеке өмірім жайлы аз жазамын. Ол құпия болуы керек сияқты", - дейді ол.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhandos Aibassov. (@zhandos_aibassov)

Жандос Айбасов жүргізушінің той қашан деген сұрағына ашық жауап берді.

Тағы оқыңыз: Нұрболат Абдуллин қыздарды құшақтауға неге "құмар" екенін айтты

"Маринамен кездесе бастаған уақыт мен үшін өте қиын кезең болды. Ол осы кезде әрдайым менің жанымда еді. Жақында бәрі болады",  - деді той туралы сауалға жауап берген актер.

Жандос Айбасов 1989 жылы Алматыда туған. Актер, режиссер, каскадер әрі зергер. Алғашқы фильмі - "Он и Она". Осы фильм көрсетілгеннен кейін актерге «Ограбление по-казахски» фильмінде түсуге ұсыныс жасалды. Кейін актер үш ай бойы голливудтік-қазақстандық "Марко Поло" сериалының түсіріліміне қатысты.

2689
Кілт сөздер:
актер
Микрофон

"Басқаша түсініп қалды": Нұрлан Еспанов коронавирус туралы айтқан сөзін түсіндірді

1700
(Жаңартылды 21:18 05.04.2020)
Sputnik Қазақстан тілшісі той бизнестің уақытша тоқтауына байланысты кімнің қаржылай қиындыққа тап болғанын біліп көрді

АЛМАТЫ, 5 сәуір – Sputnik, Айгерім Таубай. Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты елімізде концерттер мен мәдени іс-шаралар уақытша тоқтатылды. Қазақстандықтарға топ болып жиналуға тыйым салынды, демек той-томалақ та болмайды. Sputnik Қазақстан тілшісі той бизнестің уақытша тоқтауына байланысты кімнің қаржылай қиындыққа тап болғанын біліп көрді.

Балконда ән салып жүр

"Қазақстанда коронавирус жоқ" деп халықты сабырға шақырып, артынша елдің сынына қалған әнші Нұрлан Еспанов карантин кезінде балконға шығып әнұран орындап, Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әнін шырқап жүргенін айтты.

"Live-концерт беріп жүрміз. Кеше "Еуразия" арнасы, бүгін "Алматы" телеарнасынан хабарласып, видео түсіруімізді сұрап жатыр. Үйде отырып жұмысымызды істеп жатырмыз. Кешке балконға шығып, ауладағы көршілермен қосылып ән айтамыз. Әнұранды, Ескендір ағамыздың "Атамекен" әнін орындаймыз. Көршілерім мені біледі, мен тұратын кіреберіске қарап айқайлайды. Содан түнімен концерт береміз", - дейді Еспанов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нурлан Еспанов (@espanov_n)

Әншілердің басым бөлігі тойға шығып, табыс табатыны ешкімге жасырын емес. Ал соңғы жағдайға байланысты елімізде той тоқтап тұр. Өнер адамында қаржылық қиындық бар ма, оны да сұрадық.

"Бізді кішкене қинайтыны қаражат жағы, себебі қазір сұраныс жоқ. Үйде отырыңдар деген соң 19 наурыздан бастап ешқайда шыққан жоқпыз. Бізде басқа жұмыс жоқ. Студияға барып, ән жазайын десек, ол жақ та жабық тұр. Ал бізге тапсырыс беретін кісілер студияға келуі керек, ал қазір үйден шығуға болмайды. Біз қазір түгел тоқтап тұрмыз. Осындай сәтте қаржылық жағынан көмектесіп жатқан достарымыз аман болсын", - дейді әнші.

Аванс қайтарылмайды

Нұрлан Еспанов өзінің тұрақты жұмысы жоқ екенін айтты. Алдағы уақытта жақсы ұсыныс түссе, мемлекеттік қызметке орналасуға дайын.

"Осыған дейін көп жыл Шымкентте мемлекеттік қызметте болдым. Кейінгі жылдары да ұсыныстар түсіп жатыр. Жасымыз болса келіп тұр, мемлекеттік қызметке жақсы ұсыныс түссе, қабылдаймын. Композитор ретінде жұмысым көп. Мультфильмге, киноға, әншілерге ән жазамын. Телеарналардан тапсырыс түседі", - дейді Еспанов.

Айтуынша, той иелерінен ол да алдын-ала ақша сұрамайды. Себебі таныстары мен жақындарының тойларына барады.

"Мен көп жағдайда достарымның, жақындарымның тойына барамын. Алдын ала ақша алмаймын, сол тойда бергенін аламын. Ал беріп қойған күннің өзінде аванс қайтарылмайды. Кейін той жасаған кезде сол тойға барады ғой. Мен аванс алмаймын, соңы дауға айналатынын білемін", – дейді ол.

Еспанов әріптестерінің арасында қаржылық қиындық көріп жүрген өнер адамдарының бар екенін айтты. Тіпті кредиті бар әншілер ақыл-кеңес сұраған.

"Қандай әнші болсаң да, айналып баратын жерің той. Қиналып жатқан азаматтарды естіп жатырмыз. Әншілердің ішінде кредиті барларға қиын. Маған "Нұреке, не істесем болады" деп хабарласты. Жеңілдіктер болады деп жатыр ғой, күтеміз", - деді Еспанов.

Мен халықпен біргемін!

Сонымен қатар Еспанов біраз талқыға түскен видеосы жайлы да айтты. Айтуынша, әнші халықты сабырға шақыруға тырысқан, алайда бәзбіреулер әншінің ойын дұрыс түсінбеген.

"Магнумға келіншегім барған кезде "мынаны қарашы" деп дүкендегі халықтың дүрбелеңге салынып жатқанын түсіріп жіберді. Мен халыққа "уайымдамаңдар, үкімет барлығыңа азық-түлік жетеді деп айтты" деп басу айттым. Ал оны басқаша түсініп қалды. Оны айтқан кезімде коронавирус біздің елімізге келмеген болатын. Мен халықпен біргемін, Алматыдамын. Ешқайда кетіп қалған жоқпын", - деді ол.

"Бірнеше ай жұмыссыз отыруға қаражаты жетеді"

Ал әнші Майра Ілиясова карантин кезінде үйде отырғанын, жобаларын онлайн форматта өткізіп жатқанын айтты. Айтуынша, елімізде көп әншінің бірнеше ай жұмыссыз отыруға қаражаты жетеді.

"Біз секілді орнығып қалған, қоры бар әншілерге,әрине, бір-екі ай үйде отыру қиын емес. Бізде тек тойға баратын, жұмысқа орналаспағандар да бар. Тек тойға шығып, нәпақасын тауып жүрген жас әншілерге қиын. Маған ешкім тани қоймаған, күнделікті табысын тойдан тауып отырған әнші хабарласты. Қаржылай қиналып қалғанын айтты. Оларды үйде отырып, қиналып қалғанын сезіп, біліп, аяп отырмыз", - дейді Ілиясова.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Майра Ілиясова
© Sputnik / Тимур Батыршин
Майра Ілиясова тек тойға шығып, нәпақа тауып жүрген жас әншілерге қиын екенін айтты

Сонымен қатар әнші төтенше жағдайға байланысты уақытша тоқтаған жобалары жайлы айтты.

"Қазақстанның әрбір азаматы секілді жауапкершілікті сезініп, үйде отырмыз. Телеарналар онлайн форматта ән сұраса, оны да жіберіп жатырмыз. Мамырдың 10-ы мен 20-сы аралығында астана мен Алматыда "Жұлдыз болғың келсе" деген республикалық байқауым өтуі керек болатын. Соның бәрін тоқтатып қоюға тура келді", - дейді ол.

Сонымен қатар әнші наурызда Маңғыстау облысында екі концерттің болмағанын айтты. Ұйымдастырушылар алдын ала төленген қаражат пен ұшақтың ақшасын сұрамаған. Кейін тағы шақырса, біз баруға дайынбыз, дейді әнші.

"Сағындырған әндер-ай" концерті бірінші мамырда астанада өтуі керек еді. Мен концерт өткізетін сарайға алдын ала ақша төлеген жоқпын, сондықтан шығын жоқ. Барлық концертті күзге ауыстырып отырмыз, әрине, әлі қай күні болатыны нақты белгіленген жоқ. Елдегі жағдайға қараймыз", - дейді Ілиясова.

15 миллион теңге шығын

Төтенше жағдай тек әншілерге ғана емес, асабаларға да әжептәуір әсер еткені сөзсіз. "Қымбат асаба болу жолдарын" үйретіп жүрген ұйымдастырушы әрі асаба Руслан Ысқақов 15 миллион теңге шығын көргенін айтты.

"Карантин енгізілгеннен бері 8-10 той кейінге шегерілді, төрт-бесеуі тіпті болмайтын болып, үйдің ішінде кішігірім отырыс болып өтті. Біз үшін, ұйымдатсырушылар үшін 15-20 миллион теңге шығын келді. Авансты қайтаруда әлі де қиындықтар бар. Көп той иесі алты ай бұрын, тіпті сегіз ай бұрын аванс берген. Ол қаражат айналымға түсіп кетті, жұмсалып кетті. Қаржыны ешкім қайтарамын деген оймен алмайды, аванс деген негізі қайтарылмайды. Бірақ осындай түсініксіз жағдайда қайтаруымызға тура келіп тұр. Қазір соның жолдарын ойластырып жатырмыз", - деп түсіндірді асаба.

Айтуынша, той ұйымдастырушы мен той иесі арасында келісімшарт бар. Алайда оның ішінде карантин болады деген бөлім жоқ. Кейде той иелері асабаның көп жылдық тәжірибесіне сеніп, келісімшарт жасамайтын көрінеді.

"Келісімшартта табиғи апат, қайғылы жағдай ескерілген. Наурыз бен сәуірдегі тойдың бәрі күзге шегеріліп жатыр. Ол кезде де біздің тойымыз бар, күндердің сәйкес келмеуі мүмкін. Қалай болатыны әзірге белгісіз. Елге, халыққа, мәселенің шешілуіне қарап отырмыз", - деді ол.

Әншілердің жинаған қаражаты бар

Сондай-ақ, Руслан Ысқақов той саласында тек әнші мен асаба емес, одан бөлек мыңдаған адам уақытша жұмыссыз қалғанын айтады.

"Той саласында біз әншілерді ғана байқаймыз. Өнерпаздар мен асабалардан бөлек тойдан нанын жеп отырған мыңдаған адам бар. Бишілер, музыканттар, аспап иелері, сахна мен залды безендіру, техника жауап беретін мамандар бар. Олар да қиын жағдайда", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

АСАБАЛАР ҮШІН #11 ⠀ Қайырлы кеш! “Асабалар үшін” айдарының бүгінгі жазбасында сіздерге импровизация туралы айтпақпын. ⠀ ❗️жазбаны оқымас бұрын, сақтап ал❗️ ⠀ Импровизация әр шоуменнің бойынан міндетті түрде табылуы керек. Негізі импровизацияны тек қажет жағдайларда қолдана білген дұрыс. Тойға тапсырыс алып, импровизацияның арқасында өткіземін деген ойдан аулақ болыңыз✖️ ⠀ Импровизацияны кез келген түсініксіз, ыңғайсыз жағдайдан тапқырлықпен шығып кету үшін орынды қолдана білу керек. ⠀ Асабаның бойындағы импровизацияны дамыту үшін мына жаттығуларды аптасына ең кемінде 1 рет жасап тұрыңыз: ⠀ ✅ Айнаға қарап, 1 минут бойы тоқтаусыз сөйлеңіз. Егер бұл жаттығу сізге тым оңай болса, онда 1 минут бойы бірдей әріптен басталатын сөздермен тоқтаусыз сөйлем құраңыз ⠀ ✅ Бір-біріне ұқсамайтын, кез келген екі затты ойлаңыз. Енді 3 минуттың ішінде сол екі заттың ең кемінде 5 ұқсастығын табыңыз ⠀ Осы жаттығуларды аптасына кемінде 1 реттен жасап тұрсаңыз, санаңыздағы импровизация деңгейін сөзсіз өсіресіз. ⠀ Айтпақшы, осы жаттығулардың толық комплексін өз курсымда айтатын боламын. Сондықтан, қапы қалмаңыз🙌🏻 ⠀ #RuslanIskakov #халықүшін

Публикация от РУСЛАН ИСКАКОВ |ВЕДУЩИЙ ШОУМЕН (@iskakov_showman)

Асабаның айтуынша, еліміздегі әншілердің 60-70 проценті тойға шығады, ал гонорары жоғары әншілер үшін карантин демалыспен тең.

"Біз көбіне танымал әртістермен жұмыс істейміз. Ал танымал әншілердің жинап қойған қаражаты бар. Тіпті арасында жеке кәсіппен айналысатындары да бар. Кәсібі жоқ, бірыңғай тойда жүрген әншілер де қиналып жатыр деп айта алмаймын. Орта деңгейдегі, арзандау тойда жүрген, сұранысқа қатты ие емес әртістер үшін өте қиын жағдай. Жалпы алғанда, әншілердің 60-70%-і қиын жағдайда, ал Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі, Ерке Есмахан секілді қымбат әншілер үшін карантин жай демалыс", - дейді Ысқақов.

1700
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Майра Ілиясова: Ринат айтыста профессор болсын, ал Димашта жұмысы болмасын
Төреғали еліміздің Бас мүфтиіне ұлының атын азан шақыртып қойдыртты - видео
"Миынан ісік табылды..." Роза Рымбаева сұқбат кезінде жылап қалды
Димашқа бақталас болмақ: Төреғали Төреәлі Қытайдағы жоспары туралы айтты
Ерке Есмахан "Қайданы" 9-сынып оқушысынан қалай алды?
Марат Омаров

"Құпия болған емес": Марат Омаров некесіз туған немересіне қатысты ойын айтты

1804
Әнші егер материалдық көмек керек болса, көмектесуге дайын екенін айтты. Бағдарлама барысында ДНҚ сараптамасының нәтижесі шықты

АЛМАТЫ, 13 наурыз – Sputnik. Түркістандық Кәмшат Таубай есімді бойжеткен отандық әнші Марат Омаровтың ұлы Азамат Омаровтан екіқабат болып қалғанын айтты.

Жас ананың айтуынша, екі жасар Көзайымның әкесі – Азамат Омаров, алайда ол қызына тегін беруден бас тартып отыр. Оқиғаның мән-жайы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында талқыланды.

Бағдарламаға Азамат Омаровтың ата-анасы, әпкесі Зарина Омарова қатысты. Сондай-ақ, Кәмшат Таубайдың анасы мен әпкесі келді.

Азамат Омаровтың анасы Шаттық Назарова осы жағдай жайлы телеарнадан естіген соң Кәмшат Таубайдың анасына хабарласқан.

"Есімі Сәуле екен. 1971 жылы туған, арамызда 10 жас айырмашылық бар. Менің балам бір қызды жүкті қылып, оны білген соң жоқ болып кетіп, бала дүниеге келгенін біле тұра оған тегін беруден бас тартуы мүмкін емес. Менің балам (қыздың жүкті екенін) оны білсе, маған айтар еді. Ұлым астанада жұмыс істеп жүрді, содан шұғыл Алматыға келді. "Мама, менің мынадай қызым бар" деп суреттер жіберді ", - деді Азамат Омаровтың анасы.

Ал әнші Зарина Омарова інісінің ісін жақтап отырмағанын айтты.

"Мен Азаматты жақтап отырған жоқпын. Менің 95 жастағы әжем стресс алды. Азаматтың жары, балалары бар", - деді Зарина Омарова.

Түркістандық Кәмшаттың анасы – жеті баланың анасы. Өзіне ақша мен мүліктің қажет емес екенін айтқан ол "Омаровтар немересіне тегін берсе болды", - дейді.

"Қай ана баласын жаман болсын деп тәрбиелейді... Мен сіздерге қалай хабарласатын едім. Сізде үш бала болса, менің жеті балам бар. Маған ұрыстың керегі жоқ. Тек немерем Көзайымға тегін берсе болды. Кейін "тексіз " деп айтпаса екен", - деді Кәмшаттың анасы Сәуле Жаперова.

Студияға келген Марат Омаров: "Бірден маған келмей ме? Біз өзі аз халықпыз. Мен Кәмшаттың, жалпы қазақ қыздарының жылағанын қаламаймын. Ұлым екеуміздің арамызда ешқашан құпия болған емес. Ал бұл жағдайды маған айтпауы, оның сенімсіздігінен туып отыр. Мен үнемі өз жолың бар деп айтып отырамын. Әкенің малы балаға мал болмайды ", - деді.

Тағы оқыңыз: Әнші Мирас Бекжанов: Құралай сәбиіміз қыз екенін айтқанда қатты ұрыстым

Әншінің айтуынша, егер материалдық көмек керек болса, ол көмектесуге дайын.

"Балаға текті беруден қашып жатқан жоқпын. Ол генетикалық жақтан белгілі болады", - деді Марат Омаров.

Бағдарлама барысында ДНҚ сараптаманың нәтижесі де шықты.

"Азамат Омаровтың Көзайымның әкесі болу ықтималдылығы – 99,98 процент. Осы сараптама бойынша, Азамат Омаров 100 процент Көзайымның әкесі", – деді сараптама жүргізген маман.

Сараптама нәтижесі хабарланған соң, Марат Омаров екі жасар Көзайымды немересі ретінде қабылдап, әнін арнады.

ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші, композитор Марат Омаров үш рет үйленген. Зарина, Мәдина, Азамат Омаровтар алғашқы некеден дүниеге келген. Екінші некеден Зүлфия есімді қызы бар.

1804
Кілт сөздер:
немере, неке
Қазақстанның ұлттық валютасы

Назарбаевтың қорынан отбасыларға берілетін 50 мың теңге туралы ақпарат шықты

0
Елбасының бастамасымен "Birgemiz" қоры 550 мыңнан астам отбасыға біржолғы қаржылық қолдау көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. BizBirgemiz акциясының төртінші кезеңінде көмекке мұқтаж 80 мыңнан аса отбасы елу мың теңгеден алды.

Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.

"Елбасының тапсырмасы бойынша #BizBirgemiz акциясының төртінші кезеңі аяқталды. Еліміздің ауылдық елді мекендерінде тағы 80 мыңнан астам мұқтаж отбасы 50 мың теңгеден алды", - деп жазды Байбек Instagram-да.

Осылайша Назарбаевтың бастамасымен "Birgemiz" қоры 550 мыңнан астам отбасыға біржолғы қаржылық қолдау көрсеткен. Отбасы мүшелерін қоса есептегенде, бұл – 2 миллиондай қазақстандық.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

Сонымен қатар, Байбектің айтуынша, тұрмысы төмен 100 мың отбасыға 5 миллионнан астам маска тегін таратылды.

"Nur Otan" партиясы мен тұңғыш президент қоры желісі бойынша 300 мыңдай отбасы азық-түлік себетін алды. Бұл іске "Jas Otan" жастар қанатының 5 мыңнан астам волонтері атсалысты", -деді ол.

Тағы оқыңыз: Birgemiz қорынан өтінім бермей-ақ 50 мың теңге алуға болады – көмек кімдерге тиесілі

Бұдан бөлек, нұротандықтар Түркістан облысының су басқан ауылдарына мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті.

Шілде айында Достық ауылының тасқыннан зардап шеккен тұрғындары үшін салынып жатқан үйлердің құрылысы аяқталады.

0
Кілт сөздер:
отбасы, Назарбаев, ақша
Тақырып бойынша
"Birgemiz" қорына түскен ақшаны тарататындардың аты-жөні жарияланды
"Birgemiz" қорына төрт адам 4 миллиард теңге аударды