Мейрамбек Беспаев, әнші

"Ата-бабама тіл тигізгесін, ашуланып кеттім": Бесбаев кімге ренжігенін айтты

5677
(Жаңартылды 14:35 04.07.2019)
Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желіде жариялаған жазбасына қатысты сұраққа жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мейрамбек Бесбаев өзінің өмірлік ұстанымы мен МузАрт тобын таратуға қатысты ойымен TalkLike бағдарламасына берген сұқбатында бөлісті.

"Ата-бабама тіл тигізгесін ашуланып кеттім"

Президент сайлауы қарсаңында Мейрамбек Бесбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында "Мен ешкімнің штабына келісім берген жоқпын. Сыртымнан шеше беретін болған ба? деп жазған болатын.  Соған қатысты жүргізуші "Бұл мәлімдеме сізді ашуландырды ма?" деп сауал қойды.

"Қатты ашулы болған жоқпын. Ренжітті, былай айтқанда. Екі күннің бірінде естіп отырған әңгіме ғой. Етіміз үйреніп қалды. Мен халықтың пікіріне қарап шошыдым. Кінәсі жоқ ата-бабама дейін тіл тигізгендер бар. Сол үшін ашуланып кеттім. Содан кейін осындай жазба жазып жібердім. Өйткені сыртыңнан тон пішуге болмайды ғой. Бірақ олар дер кезінде кешірім сұрап, қателіктерін түзеді. Содан кейін мен де жазбаны алып тастадым", - деді Бесбаев. 

Тағы оқыңыз: Азамат Сатыбалды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті

Әнші саясатқа айтарлықтай қызықпайтынын, сол себепті бұл салаға жақындамайтынын айтып өтті. Алайда алдағы уақытта өнер саласына қатысты ақыл-кеңесі қажет болса, бұдан бас тартпайтынын жеткізді.

МузАрт тарай ма?

Сондай-ақ, Бесбаев МузАрт тобын не үшін таратқысы келгенін де еске түсірді. 

"Мен бір кездері Сәкендерге МузАртты таратайық деп айтқанмын. Өйткені Қазақстандағы топтардың деңгейі өспей қалды. Бірақ тыңдарманның бізді жақсы көретіні соншалық Мақсат кеткен кезде біртүрлі болып қалды. Кенжебек келгеннен кейін қайтадан көңілдері орнына түсті. Тағы тарап жатсақ, мүлдем көңілдерін түсіріп тастаймыз ғой. Қазақтың басы бір қазанға сыймайды деп айта ма деп ойладық. Халықтың махаббатын далаға тастағымыз келмегендіктен тарамадық", - деп жауап берді Бесбаев.

Оның айтуынша, МузАрт өзге топтардың дамуына кедергі келтірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Meirambek Besbaev (@m_besbaev)

"Неге тарайық деп айттым? Өйткені жан-жаққа Қазақстанға барған кезде халық "Біздің МузАртымыз" дейтін. Қаншама топтар келді. Олар керемет айтса да, МузАрт- қа еліктейді деп қабылдайтын. Біз өсірмей қойдық басқа топтарды, зиянымыз тиді. Тарасақ, басқа да топтардың бағы жанатын шығар деп ойлап едік. Бірақ сосын халықтың пікірін көріп, тарамайтын болдық", - деп еске алады әнші. 

Бұдан соң жүргізушінің "Шын мәнінде МузАрт қашан тарайды? деген сұрақ қойды. 

"Бір Алла біледі. Біз қазір сыйластықтың мүлдем басқа деңгейіне көшіп кеттік. Жас болған кезде арамызда кішкене бәсекелестік болатын. Қазір біз ағайындай араласамыз. Отбасы, бала-шағамыз бір-бірімен туғандай болып кеткеннен кейін бізді Алла ажыратуы мүмкін. Бірақ жұмысымызды жалғастыра беретін шығармыз", - деп Мейрамбек Бесбаев.

5677
Кілт сөздер:
ата-бабалар, Мейрамбек Беспаев
Тақырып бойынша
"Маған оны көрсетпеңдер дедім": Гүлзира Айдарбекова келіні туралы сұраққа жауап берді
Желіні шулатқан әнші Жанар Айжанова туралы қызықты деректер
"Оның мінезі сондай" Әншілер не үшін ажырасып кеткенін айтты
Ерке Есмаханның имам ағасы қарындасының киім киісіне қатысты пікір айтты
Төреғали Төреәлі туралы қызықты деректер
қалыңдық

Танымал қазақстандық актриса тұрмысқа шықпақ

7758
Бірінші тамызда актрисаның сүйіктісі Жанболат Төлеген оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Танымал актриса және "КаZахи" КВН командасының бұрынғы ойыншысы Гүлнәр Селбаева қалыңдық атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірінші тамызда актрисаның сүйіктісі Жанболат Төлеген оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған, ал Селбаева келісімін берді. Бұл туралы қос ғашықтың Instagram парақшасындағы жазбасынан белгілі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

Актрисаның болашақ жары Жанболат Төлеген - биші, ол "Танцы" және "Биле, Қазақстан" секілді бірнеше жобада бағын сынап көрген болатын. Сондай-ақ қазақстандық әншілердің бейнебаяндарына түсіп, театр сахналарында өнер көрсетіп жүр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

Гүлнәр Селбаева "КаZахи" КВН командасының құрамында ойнап, елге танылды. Бұдан бөлек, ол "Гламур для дур", "Жених на 5 дней", "Я жених" секілді фильмдерге түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

7758
Кілт сөздер:
актриса
Әнші Сейфуллин Жолбарыс

Танымал актер Сейфуллин Жолбарысқа араша түсті

5041
Сақатов әлеуметтік желіде тараған шулы видеоны көргеннен кейін халықтан өнер жұлдызының қылығына кешіріммен қарауды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Белгілі қазақстандық актер, сатирик Алмат Сақатов басы дауға қалған әнші Сейфуллин Жолбарысқа араша түсті.

Әртіс Facebook-тен Сейфуллин Жолбарыстың дүкенші жігітпен сөзге келіп қалған видеосын көрген.

"Баяғыда бір ақсақал ақ қағаздың бетіне кішкене қара нүкте салып,  оқушыларынан не көріп тұрсыңдар деп сұрапты. Оқушылардың бәрі қара нүкте көріп тұрмыз депті. Сонда ақсақал: "өмірде үйреніңдер, сендер мына жерден қара нүктені көреміз деп, үлкен ақ қағазды көрмей тұрсыңдар" деген екен. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Сондықтан сәл бір сүрінген екен деп жерден алып, жерге салу қажет емес", - деді өнер адамы Instagram-да видео жариялап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сақатов Алмат (@sakatovalmat)

Ол әншінің дүкендегі әрекеті қателік екенін мойындады.

"Әрине, қателік, бірақ жігітті демейтін қасындағы елі, достары ғой. Аман болыңыздар", - деді Сақатов.

Әншінің даулы видеосы

Жуырда әлеуметтік желіде Сейфуллин Жолбарыстың дүкенші жігітпен жанжалдасып қалған видеосы тарады. Әнші сатушыға боғауыз сөздер айтқан. Дүкенші жігітті сыртқа шығып, жігітше сөйлесуге шақырған.

Sputnik Қазақстан өнер жұлдызына хабарласып, істің мән-жайын білді.

Әнші дүкендегі әрекеті үшін заң жүзінде жауап беріп жатқанын, видеоны желіге салған адам оқиғаның қалай басталғанын көрсетпегенін мәлімдеді.

5041
Кілт сөздер:
видео, әнші, актер
Тақырып бойынша
Танымал қазақстандық әнші коронавирус жұқтырды
Тойда ерсі қылық жасаған танымал әнші концерт қою құқығынан айырылды – видео
Әнші концертте болған жаппай төбелеске қатысты ойын айтты - видео
"Адамдар аштықтан өледі": Танымал әнші Тоқаевқа видео үндеу жолдады
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

0
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

0