Жанар Дугалова на конкурсе TURKVIZION

"Қазақ жігіттерінің намысына тиеді": Жанар Дұғалованың суреті жұрттың ашуын тудырды

18363
Желі қолданушылары бұл сурет қазақ жігіттерінің намысына тиеді деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз — Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Жанар Дұғалованың әлеуметтік желіде жариялаған суреті жұрттың қызу талқысына түсті.

Жанар Дұғалова Instagram-дағы жеке парақшасында қара нәсілді жігітпен түскен суретпен бөліскен.

"Джозайя досымның өнеріне қатты тәнтімін. Ойнамайтын аспабы жоқ. Бұл дарынды баладан үйренерім көп екен", - деп жазған әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar Dugalova (@zhanar_dugalova)

Бірақ бұл сурет желі қолданушыларының ашуын тудырған секілді. "Мына отырысы қазақ жігіттерінің намысына тиетінін түсіне ме екен?", "Неге қазақтың сұлу қызы шетелдіктің жанында жалаңаш отырып алып, оны мақтап отыр?", "Қазақ қызы, намыс қайда? Ұят қайда? Ар қайда?", "Жанар, сенің өнеріңді сыйлаймын, бірақ басқа ұлттың алдында бұлай отырмашы. Қазақ қыздары намысты болсын!", "Жабық киім киюге болмай ма?" деген пікірлер жазып қалдырған. Дегенмен, әншіге қолдау білдіргендер де бар. Олар жұрттың мұндай сөздеріне мән бермей, өнерімен әрі қарай қуанта беруін сұраған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar Dugalova (@zhanar_dugalova)

18363
Тақырып бойынша
Қазақстандық әнші Димаш жайлы: айқайлағанда өшіріп тастаймын
Бес баланың анасы, әнші Динара Сұлтан тұрмысқа шықты - фото
"Мақпал мені сыйламады". Сәкен Майғазиев бағдарламадан неге кетіп қалғанын түсіндірді
Сәкен Майғазиев Жәзираның Жанболаты екеуі кімнен таяқ жегенін айтты
"13 жыл бойы кездесіп жүрген": танымал актер мен әнші отау құрды - фото
Сәкен Майғазиев: Көкемнің жақындарының жүрегін ауыртқаннан мүйіз шыға ма?
Загрузка...