"Енді жасыра алмайды": танымал әншінің суреті желіде қызу талқыға түсті - фото

© Photo : Рixabay/SimonephМикрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайырымдылық концертінде өнер көрсеткен танымал әртістің суреті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Танымал әнші әрі актриса Рианна Нью-Йорктегі қайырымдылық концертінде аяғы ауыр екенін халықтан жасырған жоқ. Мұны бірден байқаған тыңдармандар Твиттерде әртістің жүктілігін қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

​"Халайық, Рианнаның аяғы ауыр!", "Бұдан әрі жасыра алмайды", "Рианна жүкті, бірақ әкесі мен емеспін", — деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Бірақ біраз тыңдарман әншінің сахнада шампан ішкенін байқап қалыпты, олар Рианнаның аяғы ауыр емес дегенді алға тартады.

Тағы оқыңыз: Танымал әнші концертке ішіп келіп, жұрттың алдында ұятқа қалды - видео

Әртістің өзі жүктілігі туралы да, Сауда Арабиясының миллиардері Хасан Джамильмен қарым-қатынасы жайлы да ештеңе айтпады.

Ғашықтар ара қатынасын жасырып жүрген сияқты. Бірақ екеуін Лос-Анджелесте бірнеше рет суретке түсіріп алған.

Жаңалықтар
0