Димаш Құдайберген

Димаш Құдайбергенге ерекше ұсыныс жасалды

2416
(Жаңартылды 11:20 04.12.2019)
Жуырда еліміздің танымал әншісі Димаш Құдайбергенге ерекше ұсыныс жасалыпты

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Димашқа Александр Градскийдің романстарын шырқау ұсынылды. Бұл туралы Қазақстандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының басшысы Константин Воробьев айтты.

Павел Васильевтің өлеңдеріне жазылған Александр Градскийдің романстары алғаш рет Нұр-Сұлтанда 6 желтоқсанда ақынның 110-жылдығына арналған еске алу кешінде орындалмақ. Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында туындыларды "Астана Опера" солисі шырқайды. Әзірге оның есімі құпия сақталып отыр.

Қазақстандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының басшысы Константин Воробьев бастапқыда материал Димаш Құдайбергенге ұсынылғанын жеткізді.

"1976 жылы жас кезінде Градский Васильевтің өлеңдеріне романстар жазды. Кейіннен олардың ешқашан орындалмай, тек магнит таспаға жазылғаны белгілі болды. Біз таспаларды іздеп таптық, бірақ ескі болғандықтан оларды қалпына келтіру мүмкін болмады. Бірақ біз осы романстарға көңіл бөлу керек деген шешімге келдік, өйткені алда мерейтой", - деді Воробьев.

Сол себептен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов көмекке келді.

"Баршамыздың ойымызға келген бірінші идея – оларды Димаш шырқасын. Ол - қазақтың тамаша, талантты, ерекше әншісі. Осындай адамның орындағаны бізге жақсы болар еді, себебі жастардың бір бөлігі Павел Васильевтің шығармашылығына бет бұрар еді. Бірақ Димаш бұл ол үшін әлі күрделі поэзия екенін мойындады. Әнші романсты міндетті түрде барынша сезіну керектігін, ал ол үшін жасы да сәйкес келмейтінін айтты", - деп бөлісті орталық басшысы Воробьев. 

Тағы оқыңыз: Димаштың Беларусьтегі фанаттары концерттен 4 ай бұрын дүрбелең тудырды

2416
Кілт сөздер:
Ресей, ұсыныс, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Аншлаг болады: Димаштың Нью-Йорктегі концертіне барлық билет сатылды
"Мен - қазақпын": Димаштың Қытайдағы видеосын жарты күнде 120 млн рет көрген
Димаш Токиодағы тыңдармандарына Қазақстан туралы айтып берді – видео
Димаш Санкт-Петербургтегі концертінде сахнаға индонезиялық әншімен шықты     
Димаштың Германия мен Чехиядағы концертіне билеттер сатыла бастады
Загрузка...