Танымал әнші бірнеше рет зорланғанын ашық айтты

© Photo : Рixabay/SimonephМикрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атақты америкалық әнші, "Оскар" жүлдесінің иегері сол кезде жаны қиналып, күйзелісте болғанын жасырмады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Танымал әнші Леди Гага 19 жасында бірнеше рет зорланғанын ашық айтты, деп хабарлады The Independent басылымы.

Әртістің айтуынша, ол бірнеше рет зорлық көрген соң күйзеліске түскен.

"19 жасымда мені бірнеше рет зорлады. Бұл жан дертімді әлі емдеген жоқпын", - деді Леди Гага америкалық тележүргізуші Опра Уинфриге берген сұқбатында.

Сонымен қатар, әртіс атағына қарамастан жаны қиналып, күйзелісте болғанын жасырмады.

Сұқбат барысында әнші өзін кім зорлағанын анық айтқан жоқ. Бірақ, ол оның таныс адам екенін меңзеді.

© AFP 2024 / JB LACROIXЛеди Гага
Танымал әнші бірнеше рет зорланғанын ашық айтты - Sputnik Қазақстан
Леди Гага

Осы орайда, The Independent басылымы бұған дейін Леди Гага америкалық музыкант Ар Келлимен байланысын тоқтатқанын атап өтті.

Әншінің мұндай қадамға баруына Ар Келлиге "бірнеше әйел зорлады" деген айып тағылып, оның қамауға алынуы себеп болуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Әлемдегі ең қымбат әнші анықталды

Жаңалықтар
0