Бастауыш мектеп

Астана жәрмеңкесінде мектеп тауарлары жеңілдікпен сатылмақ

30
(Жаңартылды 15:42 15.09.2016)
Астанада 20-21 тамыз күндері "Мектепке жол" жетінші республикалық акция аясында Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының кәсіпкерлері және тауар өндірушілерінің қатысуымен мектеп жәрмеңкесі өтеді.

АСТАНА, 12 там — Sputnik. Астанада 20-21 тамыз күндері "Мектепке жол" жетінші республикалық акция аясында Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының кәсіпкерлері және тауар өндірушілерінің қатысуымен мектеп жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңке сағат 10.00-да Астана қаласы әкімдігінің алдындағы орталық алаңда өтеді. Жәрменке барысында қала тұрғындары мен қонақтарына оқулықтардың, мектеп формаларының, спорттық киімдер мен аяқ киімдердің, кеңсе тауарларының түр-түрі ұсынылады. Тауар 10%-дан бастап 50%-ға дейін жеңілдікпен сатылады.

Сонымен қатар, жәрмеңке барысында халыққа консультациялық көмек көрсету үшін қоғамдық қабылдау қызмет етеді.

30