Қоғам

Астанада Айт намазы 7:30-да басталады

© SputnikҚұрбан айт мерекесінде намаз оқып отырған әйелдер
Құрбан айт мерекесінде намаз оқып отырған әйелдер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрбан айттың айт намазы 12-қыркүйекте сағат 7:30-да басталады деп мәлімдеді «Нұр Астана» орталық мешіті бас имамының орынбасары Нұрлан Рамазан Астанада брифингте.
Астана, 9 қыр – Sputnik. Астанада Құрбан айттың Айт намазы 12-қыркүйекте сағат 7:30-да басталады деп мәлімдеді "Нұр Астана" орталық мешіті бас имамының орынбасары Нұрлан Рамазан Астанада брифингте.

Оның айтуынша, ұлттық нақышта сипат алған мерекеге қала мешіттерінде үлкен дайындық жасалып, бірқатар игі шаралар мен акциялар қолға алынған.

Дети - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Құрбан айт: "Қуанса, бала қуансын"
"Құрбан айт – қазақ халқы үшін айрықша мереке. Төл дәстүрімізге айналған мүбәрак мейрамды бұқара болып атап өту біздің игі салтымыз. 11 қыркүйек күні – Арапа, 12-14 қыркүйек аралығында үш күн Құрбан айты аталып өтіледі.

Құрбан айттың құрметіне республика бойынша, соның ішінде бас қаламыз Астанада ауқымды шаралар ұйымдастыру жоспарда бар деген Н.Рамазан қаладағы "Нұр Астана", "Әзірет Сұлтан" және "Ғылмани" мешіттері ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорттық ойындары, мәдени іс-шаралар өткізілетінін жеткізді.
Жаңалықтар
0