Жұмыссыздық

Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

106
(Жаңартылды 11:14 26.09.2016)
Астанада 28 қыркүйекте "Жастар" сарайында 10-шы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

АСТАНА 26 қыр — Sputnik. Астанада  28 қыркүйекте "Жастар" сарайында 10-шы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді деп хабарланады елорданың ресми сайтында.

Жұмыс, жәрмеңке, жұмыс іздеушілер
© Foto : Астана қаласы жұмыспен қамту орталығы
Шара барысында 50 жуық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынатын болады.Жәрмеңке сағат 10:00 басталып, сағат 13:00 дейін жалғасады.

Шараға қатысушылар әлеуетті жұмыс берушілермен сұхбаттасып, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ, қайта даярлау мен жаңа кәсіпті меңгеру туралы ақпаратпен танысады.

Айта кетейік, бұған дейін өткізілген 9 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша жұмыссыз жүрген 307 азамат жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін тағы да екі бос орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.

106