Қоғам

Баян Есентаева толық тексерілу үшін Үндістанға кетті

Жазылу
Танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаева ем қабылдау үшін Үндістанға кетті, өйткені оның денсаулығы "әлі де күтімді қажет етеді", деп жазды Есентаева өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

АСТАНА, 26 қыр – Sputnik. Танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаева ем қабылдау үшін Үндістанға кетті, өйткені оның денсаулығы "әлі де күтімді қажет етеді", деп жазды Есентаева өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Танымал, продюсер, актриса, тележүргізуші Баян Есентаева өзінің бұрынғы күйеуінен соққы жеген. Есентаева үш айдан кейін, өзі уәде бергендей, 10 маусымда басынан өткен оқиғаны егжей-тегжейлі айтып берді. Күйеуі оны ұрып-соғып қана қоймай, бірнеше рет пышақтаған.  Сол оқиғалардың салдары Баянның бет жүзінде көрініп тұр. Әйелдің өзі мойынғандай, бетінің сол жағының барлық бұлшық еті жансызданып қалған, екінші деңгейдегі зақым бар, сондай-ақ көз көруі нашарлаған.

"Дәрігерден дәрігер қоймай қаралып жүрмін, бүгінгі менің жағдайым осы. Қазір Үндістан астанасындамыз. Денсаулығыма әлі де күтім керек. Делиде толық тексерілуден өтем деп шештім. Неге? 3,5 жарым сағат тікелей рейспен ұшып келдім, барлығын қосқанда check-up 550 $. Салыстырмалы түрде айтқанда былтыр, Кореяда 5 есе артық төлегенмін. Дәрігерлер — АҚШ пен Британияда білім алып, жұмыс істеген білікті мамандар. Ілгері халықаралық компаниялардың заманауи құралдарымен жабдықталған", — деп жазды ол өз парақшасында.


 

Жаңалықтар
0