Атылған гильзалардың мұрағаттық суреті

Алматы облысындағы өлім туралы іс "Нұр Отанның" бақылауында

58
Алматы облысындағы үш ер адамның өлімі туралы іс "Нұр Отанның" партиясының бақылауында деп мәлімдеді мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.

АСТАНА, 28 сен — Sputnik. Алматы облысындағы үш ер адамның өлімі туралы іс "Нұр Отанның" партиясының бақылауында деп мәлімдеді мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.

"Біз үш ағайынды жігіттің отбасыларына көңіл айтамыз. Бұл мәселе мәжілісте "Нұр Отан" партиясы фракциясының бақылауында", — деді Тілеухан мәжілістің жалпы отырысында.

Депутат ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа қылмыстардың алдын алу үшін министрлік қандай жұмыстар  жүргізіп жатқанын айтуды, сондай-ақ бұндай қатаң қылмыстарға жазаны қатайту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанына есеп беруді сұрады.

Мал сатумен айналысатын үш ағайынды жігіт 40 сиыр сату үшін Көксу ауданынан Алматыға қарай жолға шығып, жоғалып кеткен. Соңғы рет олар туыстарымен байланысқа 18 қыркүйекте шыққан. 21 қыркүйек күні мал тасыған бірінші, ал екі күн өткеннен кейін екінші көлік табылған. Көліктердің бірі өртенген. 24 қыркүйек күні үш ер адамның зорлықпен өлтіру белгілері бар жансыз денесі табылғандығы белгілі болды.

Тергеудің болжамынша, қылмыскерлер базарда жапа шегушілерге келіп, барлық малды көтерме бағамен сатып алуды ұсынған. Оларды алдап тау арасына алып шығып, сол жерде үшеуін де өлтірген. Мал мен мүрделерді алып келе жатқан кезде көліктері батпаққа тұрып қалған. Мұнан соң жергілікті тұрғындардан көмек сұраған. Қылмыс жасалған қару тәркіленді.

Қылмыскерлер өз еркімен мүрделердің көмілген жерін көрсетуге ниет білдіріп, зардап шеккендердің мәйіттері көмілген жерді көрсеткен. Жамбыл аудандық соты кісі өлтірді деген күдіктілерді екі айға қамауға алуға санкция берді. ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істі тергеу ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың жеке бақылауына алынды.


58