Қоғам

Комиссия Түркістанның психиатрлық диспансеріндегі науқастарға күтім жасау жағдайымен танысады

Жазылу
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ОҚО Түркістан қаласындағы психоневрологиялық әлеуметтік мекемесінде орын алған келеңсіздіктерді анықтау үшін ҚР ДСӘДМ өкілдерінен құралған арнайы комиссияны жолдады.

АСТАНА, 29 қыр — Sputnik. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ОҚО Түркістан қаласындағы психоневрологиялық әлеуметтік мекемесінде орын алған келеңсіздіктерді анықтау үшін ҚР ДСӘДМ өкілдерінен құралған арнайы комиссияны жолдады, деп хабарланады pm.kz. сайтында.

Осы аптада Бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы мақала шыққан болатын. Онда Түркістан қаласындағы әлеуметтік мекемеде ем қабылдап жүрген азаматтың анасы сол мекеменің жағдайын сынап, емделушілердің тиесілі күтім алмайтынын айтып наразылық танытқан болатын.

Аталған комиссияның құрамына әлеуметтік қызмет департаментінің директоры Төлеғалиева, психиатриялық ғылыми-тәжірибиелік орталығы директорының орынбасары Н. Нигай, қаржы департаментінің директоры Имашева, әлеуметтік қорғау және еңбек комитетінің бас сарапшысы Көшкімбековалар енді.

Ең әуелі комиссия құрамы осы мәселені жіті зерттеп, орын алған олқылықтың себебін анықтауы шарт. Барлық тексеру жұмыстары аяқталған соң жұмыс тобы сараптама қорытысын жария ететін болады. Бүгінгі күні кешенді тексеру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР Бас прокуратурасына арнайы ұсыныс жасалынды.

Жұмыс тобының қорытындысына сәйкес, заңды бұзған тұлғалар жауапқа тартылады, сондай-ақ алдағы уақытта мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін  арнайы шаралар жасалады.

Жаңалықтар
0