Лилия Рах

Лилия Рахқа қатысты қылмыстық іс сотқа келіп түсті

43
(Жаңартылды 18:32 30.09.2016)
Фэшн кәсіпкер Лилия Рахқа қатысты қылмыстық іс Алматының аудандық сотына келіп түсті, деп хабарланады ҚР сот істері жөніндегі анықтамалықта.

АСТАНА, 30 қыр – Sputnik. Фэшн кәсіпкер Лилия Рахқа қатысты қылмыстық іс Алматының аудандық сотына келіп түсті, деп хабарланады ҚР сот істері жөніндегі анықтамалықта.

Қазақстандық кәсіпкер Лилия Рахтың ұсталғандығы туралы тамыздың соңында белгілі болды. Тергеу болжамы бойынша, 2016 жылғы 9 шілдеде Алматы қаласының полициясына ер адам 33 жастағы Өзбекстан азаматының жоғалғандығы туралы арызданған. Полиция

Өзбекстан азаматын ұрлап әкетіп, күштеп ұстап отырғандығын анықтаған. Ол Алматы әуе жайының аумағынан ұрланған.

Анықтамалықтағы ақпаратқа сәйкес, іс 28 қыркүйекте Алмалы аудандық сотына судья Қуаныш Әріповке түскен.

Рахтан бөтен айыптылар қатарында Бахыт Шалбаев деген адам мен зергерлік үйінің иегері Мири Паз бар. Олардың барлығы қамауға алынған.

43