Қозғалысы шектеулі қыз-келіншектерге арналған сұлулық байқауы

"Ұлы Дала Ханшайымы" байқауының финалында керемет шоу болады

41
(Жаңартылды 10:29 13.11.2016)
Sputnik Қазақстан қозғалысы шектеулі қыз-келіншектерге арналған алғашқы сұлулық пен дарын конкурсы "Ұлы Дала Ханшайымы" байқауының медиа серіктесі болды. Ұйымдастырушылар Алматыда 12 қарашада болатын байқаудың финалында керемет шоу болады деп уәде беріп отыр.

 АСТАНА, 5 қаз – Sputnik.   Қозғалысы шектеулі қыз-келіншектерге арналған алғашқы ұлттық сұлулық пен дарын конкурсы "Ұлы Дала Ханшайымы" байқауына бүкіл Қазақстан бойынша жиырма шақты қыз-келіншек қатысуға тілек білдіріп, сұранымдарын өткізді.

Ұйымдастырушылар Алматыда 12 қарашада болатын байқаудың финалында керемет шоу болады деп уәде беріп отыр.  Байқау бағдарламасы төрт кезеңнен тұрады. Қатысушы-финалисттер Қазақстан халықтарының дәстүрлі киімдерін, кешкі көйлектер киіп шығып, өздерін таныстырады. 

Байқауға кез келген қыз-келіншек қатыса алады, ол үшін не бәрі үш мың теңгеге "Алма-Ата" қыздар клубы сайтынан билет сатып алса болғаны.  

"Байқаудың мақсаты – бұл қыз-келіншектердің сұлулығы мен рухани байлығын халыққа паш етіп, өздерінің мүмкіндіктері жайлы стереотиптерді бұзу. Бүкіл қала тұрғындарының қатысушыларымызды тамашалап, олардың сұлулығына тәнті болып, өздері сияқты көптеген қыздарға, тіпті дені сау адамдарға да үлгі екендерін көргенін қалаймын" – деді "Алма-Ата" қыздар клубының төрайымы Бент-Анат Бейсембаева Алматыдағы баспасөз мәслихатында. 

Байқау бірнеше кезеңдерден тұрады: сәлемдесу, "титандар шайқасы", спорттық үлгіде сахнаға шығу – қатысушылар дефилесі, ең соңғы кезең – кешкі көйлектермен шығу. 

Финалға қатысушылар түрлі сый-сияпаттармен марапатталмақ. Байқау көрермендері арасында сыйлықтар ойнату да жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылардың болжамы бойынша, байқауға ең кемі 1,5 мың көрермен келеді.

Қатысушылар сұранымын қабылдау әлі жалғасуда – байқауға 21 мен 50 жас аралығындағы қыз-келіншектер қатыса алады, сұранымды Қыздар клубының сайты арқылы бере аласыздар.

"Байқауымыздың ақпараттық серіктесі – Sputnik Қазақстан халықаралық агенттігі және радиосы. Олар біздің байқаудың күнделігін жүргізіп, кастинг пен дайындықтардан бастап, шарамыздың финалына дейін барлық ақпаратты беріп отырады ", — деді "Алма-Ата" қыздар клубы басқармасының мүшесі Мейрамкүл Ходжашова баспасөз мәслихатында. 

 Ұйымдастырушылар байқауды жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

 Бұл шараның медиа серіктесі – Sputnik Қазақстан байқаудың күнтізбесін агенттік сайтында жүргізеді.   


41