Парламент сенаты депутаты Бірғаным Әйтімова

Кейкі батырдың бас сүйегі жайлы депутат пікірі: бұл патриотизмге тәрбиелеу үшін маңызды

17
Әйтімова атап өткендей, шетелдік музейлерде сақтаулы тұрған Қазақстан тарихына қатысты заттар әлі көп.

АСТАНА, 6 қаз — Sputnik.  Кейкі батыр сүйегінің қайтарылуы Қазақстан халқын патриотизмге тәрбиелеудегі маңызды оқиға деді  Қазақстан парламентінің сенат депутаты Бірғаным Әйтімова Sputnik агенттігіне.

Таңертең ерте Астанаға Ресей музейінде сақтаулы жатқан Кейкі батырдың сүйегі жеткізілді. 

"Біздің тарихымызға қатыстының бәрі, қай ғасырға тиесілі болмасын бүкіл тарихи артефакттар, оның ішінде осы бас сүйек Қазақстанға қайтарылуы тиіс деп санаймыз", — дейді Әйтімова Sputnik агенттігінің тілшісіне.

"Бұл патриотизмге тәрбиелеу мақсатында, музейлеріміздің толықтырылуы үшін, аты аңызға айналған адамдар туралы терең білуіміз үшін өте маңызды" – деп айтып өтті сенатор.

Әйтімова атап өткендей, шетелдік музейлерде сақтаулы тұрған Қазақстан тарихына қатысты заттар әлі көп.

Кейкі батырдың бас сүйегін жерлеу үшін Қазақстанға жеткізу мәселесін тамыз айында сол кезде премьер-министр қызметін атқарған Кәрім Мәсімов Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевпен кездесу барысында көтерген болатын. Ресей премьер-министрі бұл мәселе бойынша көмектесуге уәде берген еді.

Кейкі батыр – 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс көшбасшыларының бірі. Қазан төңкерісін ешқашан мойындамаған батырды 1923 жылы Қызыл әскер жауынгерлері өлтірген. Содан кейін бас сүйегі Кунсткамераға жөнелтілген болатын.


17
Тақырып:
Қейкі батырдың сүйегі Қазақстанда (6)