Дәрі-дәрмек сапасын бақылау

ДСӘДМ ескертеді: министр ғаламторда дәрі-дәрмек жарнамалаған жоқ

23
(Жаңартылды 14:42 12.10.2016)
Қазақстанның денаулық сақтау министрлігі министрдің ғаламторда дәрі-дәрмек жарнамалағанын жоққа шығарды.

АСТАНА, 12 қаз — Sputnik.  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова адам папилломасы вирусына қарсы дәріні жарнамалаған емес, ғаламторда тарап кеткен ақпарат дәйексіз деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі сәрсенбі күні.

" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ басқармасының төрағасы Абай Байгенжиннің пікірі ретінде беріліп, дәрінің папилломаны, мең мен қалды емдейтіндігі туралы тарап кеткен ақпарат жалған", — делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, қазақстандық мамандар ешқашан мұндай пікір айтпаған, ал жарнамаланған дәрі Қазақстанда тіркелмегендіктен клиникалық тиімділігі дәлелденбеген, сол себепті мұндай дәріні денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің ұсынуы мүмкін емес. 


23