Қоғам

Шыңғыс Шарапиев "Қазконтент" АҚ-ны басқарды

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтупортфель
портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазконтент" АҚ-ның жаңа басшысы болып Шыңғыс Шарапиев тағайындалды, деп хабарлады ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында.

АСТАНА, 12 қаз — Sputnik. "Қазконтент" АҚ-ның жаңа басшысы болып Шыңғыс Шарапиев тағайындалды, деп хабарлады ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында.

"Әзірше кеше "Қазконтент" АҚ-ның жаңа басшысы болып Шыңғыс Шарапиевтің тағайындалғаны туралы ақпаратпен бөліскенді жөн көріп отырмын. Көпшілігіңіздің оны біліктілігі жоғары, қолынан іс келетін маман ретінде танитындарыңызға күмәнім жоқ. Шыңғысқа және компания ұжымына табыс тілеймін", — деп атап өтті Абаев.

Министрдің сөзіне қарағанда,  ақпараттық, мәдениет және білім беру бағаттарындағы бірнеше интернет-ресурсты қанатының астына алған "Қазконтент" АҚ-ның жұмысына айрықша көңіл бөлінуде.

Жаңалықтар
0