Қоғам

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі: студент біреудің пайдакүнемдігінің құрбаны болды

© Photo : Daniel Boneсот
сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәрсенбі күні сот елордалық Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтіруге қатысты резонансты іске нүкте қойды.

АСТАНА, 12 қаз – Sputnik. Сәрсенбі күні сот елордалық Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтіруге қатысты резонансты іске нүкте қойды. Өлтірілген студент ата-анасының адвокаты Тельман Әленов Sputnik-ке қылмыстың егжей-тегжейі мен себептерін айтып берді.

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі үшін сотталғандар 11 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды - Sputnik Қазақстан
Видео
Ерасыл Әубәкіров өлімі: 11 жылдан 20 жылға дейін сотталу

Әубәкіров ақпан айының басында жоғалып кеткен. Оны іздестіру шараларының барысын бүкіл Астана тұрғындары қадағалап отырды. Сот алдына Нұрбек Әжимбай, Виталий Шерстенев және Андрей Тихоненко шықты. Бастапқыда үшеуі де жыныстық сипаттағы зорлық қылмыстарын жасады деп  те айыпталды. Іс бойынша күдіктілердің бірі Аян Мейірбаев та болды. Кейіннен оны қамаудан босатты.

Адвокаттың айтуынша, Нұрбек Әжімбай кезінде Аян Мейрбаевпен бірге институтта бір курста оқыған. Жас жігіттер күтпеген жерден Астанада кездескен. Әжімбай, Мейрбаевтың әкесі 900 миллион теңгені құрайтын сауда үйін сатпақ болғанын естіген. Сол кезде Әжімбай бопсалау жолымен жылжымайтын мүліктің 15%-ын, яғни 135 миллион теңгені иеленгісі келген.

"Ол Мейрбаевқа ор қазбақ болған. Коттеджді жалға алып, онда Мейрбаев пен Әубәкіровті алдап шақырған. Мейрбаевқа мәжбүрлеп алкогольдік ішімдік ішкізіп, керуетте байлаулы жатқан Әубәкіровті жұлқып жатқан секілді етіп түсірген", — деді Әленов Sputnik-ке телефон арқылы.

Видеоға түсіріп болған соң Әубәкіровтің басына пластик пакетін кигізіп, скотчпен орап тастап, тұншықтырып өлтірген. Аянды екінші қабатта ұстаған, ол мұның бәрін көрмеген, деп атап өтті заңгер. Одан кейін Әубәкіровтің мәйітін Мейірбаевтің көлігінің багажына салған. Видеоны Мейрбаевтың әкесіне жіберіп, ешкімге ештеңе айтпаймыз деп ақша талап еткен. Әкесі көнбеген.

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі туралы іс бойынша процесс өтіп жатқан сот залы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Студент Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша үкім шығарылды

"Бейнежазбаны Мейрбаевтың кінәсін дәлелдейтін айғақ ретінде пайдаланған", — деді адвокат.

Әленовтың сөзіне қарағанда, Аянның қарындасы келесі күні багажында мәйіт жатқан көлікті жууға апарған. Жансыз денені көлік жуушы тапқан. Қарындасы мүрдені қайда жіберерін білмей қаланың сыртына шығарып, тастап кеткен. Одан кейін оны 10 ақпанда тапқан.

"Бастапқыда істе "Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер» бабы болған, Әубәкіровке интимді қызмет көрсетеді деп жала жаппақ болған. Жарыссөздерде сөз алған кезде, біз Әубәкіровтің коттеджге интимді қызмет көрсетуге келгеніне дәлелдің жоқекендігін айттық. Сот барысында Әубәкіровті коттеджге алдап шақырғандығы анықталды", — деп түйді ол.

Қылмыстық іс Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билердің қатысуымен қаралды. Іс жабық режимде қаралды.

Сот үкімі бойынша, Әжімбай Нұрбек 20 жылға, Виталий Шерстенев 11 жылға, Андрей Тихоненко 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Үшеуі де жаза мерзімін қатаң режимді колонияда өтейді.

Жаңалықтар
0