Баян Есентаева (Мақсаткызы)

Баян Есентаева күйеуін кешіру шешімі туралы: мен ол парақты жауып тастадым

81
(Жаңартылды 15:07 03.11.2016)
Баян Есенаева күйеуін балалары үшін кешіргенін атап өтті

АСТАНА, 19 қаз – Sputnik. Баян Мақсатқызы (Есентаева) жұбайы Бақытбек Есентаевты кешіру туралы шешімін түсіндірді.

Сәрсенбі күні сот тыңдауы барысында Баянның жаңа адвокаты Марат Асқарбеков сотқа, оның күйеуіне бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазасын тағайындауды сұраған өтінішін жеткізді.

"Мен оны кешірдім. Бұл менің шешімім. Мен ол парақты жауып тастадым, менің өмірім жалғаса береді. Менің балаларымның әкесі бар, ал мен өз бақытымды іздейтін боламын…", — деп жазды белгілі продюсер Instagram парақшасында. 

 

Өзінің әйелін өлтірмек болды деп айыпталып отырған Бақытбек Есентаевқа қатысты қылмыстық іс бүгін Талдықорғанда Ауданаралық мамандандырылған сот ғимаратында өтіп жатыр. Процесс жабық түрде өтуді. Тыңдау кезінде 50-ден астам адам арасынан алқа билер іріктелді. 

10 маусымда танымал продюсер, актриса, тележүргізуші Баян Есентаева пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсті. Бұл қылмысты жасады деген айып оның бұрынғы күйеуі Бақыт Есентаевқа тағылды.  Сотталушы сотқа ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлімі, 99-бабының 2-бөлімі 10-тармағы (зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтiруге оқталу) 120-бабының 1-бөлімі (зорлау) 121-бабының 1-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері)  бойынша жіберілді.

Қыркүйектің соңында актриса әлеуметтік желіде тегін — Мақсатқызына өзгерткенін хабарлаған.  


81
Тақырып:
Баян Есентаеваға жасалған қастандық (10)
Загрузка...