Қатаң тәртіптегі колония

ҚАЖК басшысының отставкасы: ешкім ештеңеден сақтандырылмаған

19
(Жаңартылды 18:24 03.02.2017)
Құқық қорғау саласындағы қоғамдық кеңес Қазақстан пенитенциарлық жүйесінің жаңа басшылығымен жемісті ынтымақтастық орнатады деген сенімде.

АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Алматылық тергеу изоляторында сотталушының зорлануынан кейін шыққан даудан соң қарашаның басында Қазақстан Ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару комитетінің басшылығы ауысты. Алайда бұл екі мәселенің бір бірімен еш байланысы жоқ деп есептейді Құқық қорғау саласындағы қоғамдық кеңес басшысы Марат Қоғамов. 

Ағымдағы жылдың жазында 2015 жылғы ақпаннан бері қарақшылық үшін жазасын өтеп жүрген Наталья Слекишина Алматыда тергеу абақтысының төрт қызметкері топтасып зорлады деп айыптады. Олардың бірінен ол бала тапқан. Слекишина баланың әкесі зорлағандардың бірі деп мәлімдеді. Оның сөзін әділет министрлігі жанындағы Сот сараптамасы орталығы жүргізген ДНК-сараптамасы растады. Сараптамаға сәйкес, баланың әкесі түрме бақылаушысы Руслан Хәкімов болып шықты. Қыркүйектің соңында тергеу изоляторының бұрынғы қазметкерінің мүлкі тәркіленіп, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеумен тоғыз жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Бір айдан кейін, 4 қараша күні ҚАЖК төрағасы болып осы ведомство басшысының бұрынғы орынбасары  Азамат Базылбековтың тағайындалғандығы белгілі болды. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті басшысының қызметін соңы бес жыл бойы атқарған Бауыржан Бердалин ІІМ-нің өкіміне қалдырылды. 

"ҚАЖК-тің бұрынғы басшысы Бауыржан Бердалин өте кәсіби жетекші болатын. Оның кетуінің сіздің сұрақтарыңызбен еш байланысы жоқ. Менің ойымша, оның кетуі үлкен жоғалту. Оған бағынышты нысандарда орын алуы мүмкін жайттар — ешкім ештеңеден сақтандырылмаған, 2007 жылдан бері түзету жүйесі үнемі сілкіністе болды", — деді Қоғамов Sputnik Қазақстан тілшісіне. 


19