Егор Крид

Әнші Егор Кридті Қарағандының әуежайында тұрып қалған жолаушылар арасынан көрген

27
(Жаңартылды 15:11 18.11.2016)
Ұшар алдында ұшақтың бұзылуы "Сары Арқа" әуежайындағы жолаушылардың кешігуіне себеп болды.

АСТАНА, 18 қар — Sputnik. Қарағандының әуе айлағында ұшақтың техникалық бұзылуына байланысты "Аэрофлот" авиакомпаниясының рейске кейінге қалдырылды. 20 жолаушы, оның ішінде болжам бойынша ресейлік Егор Крид келесі рейсті күтуде, деп хабарлады Қарағандыдағы "Сары Арқа" әуежайында. "Қарағанды-Мәскеу" авиа рейсінің ұшуы таңғы 05:30-ға белгіленген. Ұшақ жолаушылары отырғызылғаннан кейін үш сағаттан соң, әуе кемесі бұзылып тұр деп, олардан борттан шығуды өтінген. 

"18 орындық ұшақ кешіктірілді, ақаулықтар анықталды. Бұл туралы Қарағандыдан ұшар сәтте белгілі болды. Жолаушылар түсіріліп, жүк камераларға орналастырылды. Әуежай тарапынан жолаушыларға қонақ үй ұсынылған. Кейбіреулері әуежайдан кеткілері келмеді. Жолаушыларға барлық жағдайлар жасалуда", — деді агенттікке телефон арқылы. 

Көзбен көрушілердің ақпаратына сәйкес, осы рейспен Қарағандыдағы концерттен кейін Мәскеуге ресейлік әнші Егор Крид оралуға тиіс болатын. Әуежай қызметкерлері бұл ақпаратты растамады. 

 

Где-где? В Караганде! За окном —35 ❄️

Фото опубликовано Егор Крид (@egorkreed) Ноя 16 2016 в 9:06 PST

 

Бұдан бұрын Егор Крид әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында қарағандылық қонақ үлердің бірінде жатқан суретін жариялаған.
27
Загрузка...