Қоғам

Иттерді өлтіру ниеті туралы мәліметтер жалған болып шықты

© Sputnik / Игорь Руссак / Медиабанкке өтуҰялы телефон
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірнеше күн бойы қазақстандықтар мессенджерлерде әскери бөлімнің таратылуына байланысты 20 итті өлтіру ниеті туралы ақпаратты таратуда.

АСТАНА, 28 қар — Sputnik. Әскери бөлімнің таратылуына байланысты  20 итті өлтіру ниеті туралы әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат жалған болып табылады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға  ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев. 

Қазақстандықтар соңғы бірнеше күн бойы әлеуметтік желілермен мессенджерлерде әсери бөлімнің таратылуына байланысты өлтірілуге жататын"тәрбиеленген, ақылды" жиырма ит туралы хабарлама таратып жүр. Одан әрі хабарламада итті тегін әкетуге болатын телефон нөмірі келтірілген. 

"Әсери бөлімнің таратылуына байланысты иттерді өлтіру туралы хабарлама 2010 жылы Ресейде таратылған спам болып табылады", — деді Сәдубаев Sputnik Қазақстанға телефон арқылы.   

Оның ақпаратына сәйкес, бұл таратуда алаяқты белгілер жоқ. Сәдубаев тексерілген деректерге жүгініп, сонымен қатар бұдан былай күмәнді дереккөздерден алынған ақпаратты таратпау қажеттілігін атап өтті. 


Жаңалықтар
0