Қоғам

Қазақстан аруы "Әлем аруы" конкурсынан шығып қалды

© Sputnik / Зарина КулумбетоваӘлия Мергенбаева
Әлия Мергенбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан атынан конкурсқа қатысушы Әлия Мергенбаева "Әлем аруы-2016" іріктеу кезеңінен өте алмай қалды.

АСТАНА, 6 жел — Sputnik.  Қазақстан аруы-2015 Әлия Мергенбаева Әлем аруы-2016" үздік жиырмалығына іріктеу кезеңінен өте алмай қалды. Бұл жайлы қыз Instagram парақшасында хабарлады.

Әлем аруы-2016 сайтының суреті - Sputnik Қазақстан
"Әлем аруы-2016" байқауында Қырғызстан мен Қазақстанның жалауларын шатастырып алды

"Қайырлы кеш, достар! Бүгін ТОП-20 қатысушылардың шығармашылық қойылымдарын тамашаладық. Бәрі тамаша әрі өте қызықты өтті. Қыздар сұлу да дарынды екен", — деп жазды "Қазақстан аруы-2015". Оқырмандардың бірінің ТОП-20 қатысушылардың арасындағы іріктеуге қатысты ма деген сұрағына, Әлия "өкіншке орай, ол кезеңге өтпедім" деп жауап берді.

Бұдан бұрын Вашингтонда ТОП-10 кезеңіне іріктеу байқауы болған еді. Ол кезеңге Польша, Венгрия, Латвия, Монғолия, Чили, Хорватия, Мальта, Филиппин, Украина және Канададан келген қатысушылар өтті. 

Жаңалықтар
0