Қоғам

Гауһар Әлімбекова тұрмыс құрды

© Photo : Instagram Гауһар ӘлімбековаӘнші-композитор Гауһар Әлімбекова
Әнші-композитор Гауһар Әлімбекова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әнші өзінің қалауындағы адамға тұрмысқа шықты, тойы әлі болмаған.

Астана, 9 жел – Sputnik. Әнші-композитор Гауһар Әлімбекова тұрмыс құрды, бұл туралы ол 31 арнадағы "Ұят емес" бағдарламасында жариялады.  

Бағдарлама жүргізушісі Салтанат Қалиева әншіден осы уақытқа дейін тұрмыс құрмау себебін сұрағанда: "Кім айтты мені тұрмыс құрмаған деп?", жауап берді. 

Бағдарлама барысында, Әлімбекова жақында өзінің қалауындағы адамға тұрмысқа шыққанын, алайда тойының әлі болмағанына байланысты бұқара көпшілікке жария етпегенін айтып, қолындағы неке сақинасын көрсетті. 

Өзінің болашақ жарын жақсы көретінін әнші 1 наурыздағы кездесуінен кейін түсінген. 

Гауһар Әлімбекова өз әндерінің орындаушысын. Оның "Ақ келін", "Келінге өсиет",  "Қыз сезімі", "Жазым не?" тағы басқа көптеген әндері халықтың көңілінен шықты. 


Жаңалықтар
0