Қоғам

Шетелдік саясаткерлердің келуіне орай Астанада ауа райы күрт жылынды

© SputnikАстанада күн күрт жылынды
Астанада күн күрт жылынды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның климаты күрт құбылмалы екені белгілі, алайда Астанада ауа температурасы бір тәулік ішінде 20 градусқа өзгеретіндігі қала тұрғындарын да таң қалдырмай қоймайды.

АСТАНА, 14 жел – Sputnik. Астанаға ірі бизнес делегациясымен бірге Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху келді, бәлкім, сол себепті елордада ауа райы күрт жылынған болар.

Байтерек - Sputnik Қазақстан
Саясат
Словакия СІМ басшысы Астанаға жылы ауа райы "алып келді"

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Twitter парақшасында Израиль премьері Биньямин Нетаньяху мінген ұшақ Астанаға келіп қонды деп хабарлады. Премьер-министр қалаға да, елге де алғаш рет сапар шегіп отыр.

Елордада ауа райы күрт жылынды: ауа температурасы нөлден жоғары, көшеде қар еріп, көктайғақ болуда, сондай-ақ қар аралас жаңбыр жауып тұр.

Қазақстанның бас қаласы шетелдік лауазымды шенеуніктердің келуіне орай ауа райын күрт өзгертуді әдетке айналдырғандай. Қарашада словак СІМ басшысы Астанаға іссапармен келді, сол кезде Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов әріптесіне "тамаша ауа райын" ала келгені үшін алғысын жеткізген.  

Жаңалықтар
0