Қазақстан аруы-2016 сұлулық конкурсы

Сәтжан мен Нұрпейісов сұлулық конкурсының мәні туралы дауласуда

30
(Жаңартылды 13:32 14.12.2016)
Динара Сәтжан мен Әнуар Нұрпейісов сұлулық конкурсы не үшін өткізілуі тиіс және қатысушылардың қандай болуы керектігі жайлы дауласып қалды.

АСТАНА, 14 жел – Sputnik. Қазақстандық тележүргізуші Динара Сәижан мен шоумен Әнуар Нұрпейісов арасындағы дау "Қазақстан аруы-2016" сұлулық конкурсындағы қызық оқиғадан басталып кетті.

10 желтоқсанда өткен конкурс финалында әділқазы ретінде шақырылған Әнуар Нұрпейісов өткен жылы Қазақстан аруы атанған Әлия Мергенбаева кітап оқығанды ұнатпайтынын мойындағаны туралы еске салды. Ол Астана атынан қатысушы Елназ Нұрсейітоваға ең сүйікті үш кітабы туралы сұрақ қойды. Қыз сәл кідіріп қалып, әйтеуір дегенде, үш кітаптың атауын атады. Сол кезде Нұрпейісов қатысушылардың жасанды сұлулықтары мен кітап оқымайтындықтарын сынға алып, оларға сұлулық конкурсына мүлдем қатыспай-ақ қойыңдар деді. Кейін Instagram парақшасында дәл осындай бейнеүндеу жариялады.

Конкурстан кейін де дау бітпеді.

"Іс-шараңды диверсия жасағың келсе, Әнуар Нұрпейісовті шақыр да, микрофон бер. Кейін ол қашып кетеді. P.S. Өздеріңіз 16-17 жастарыңызда қандай болдыңыздар? Сахнада тікелей эфирде тұрып, әділқазылардың сұрағына еш қысылмай жауап берер ме едіңіздер? Оның үстіне, сұрақ емес, кекету-мұқату болса. Әнуар өзін батыр сезініп жүрген шығар. Олай болса тез қашпауы керек еді. Соншалықты батыл болсаң, соңына дейін отырмадың ба", — деп жазды Динара Сәтжан Facebook парақшасына.

Нұрпейісов те қалыспай Instagram парақшасында теле жүргізушінің "Ақылды қыздарды сұлулық конкурсынан емес, кітапханадан барып іздесін. Конкурста ақыл емес, сұлулық сыналады! Енді оның көзқарасы туралы күмәндана бастайтын шығармыз" деген сөзін дәйек ретінде келтіріп жауап берді.

"Олай болса, ұйымдастырушылар мен Динараға бір сұрақ қояйын: Әділқазылар сұрағы кезеңін НЕСІНЕ өткізесіздер? Қыздар шығып, үндемей тұра бермейді ме. Біле білсеңіз, @dinarasatzhan, мен конкурсқа қыздарды іздеп келген жоқпын, қатысушыларды сынауға келдім…", — деп жазады қатал әділқазы Нұрпейісов. 

30
Тақырып бойынша
Қарағанды атынан қатысушы "Қазақстан аруы" конкурсынан шығып қалды
"Қазақстан аруы-2016" дауыс беру кезеңі басталды
Аспан түстес сұлулық: "Қазақстан аруы-2016"
Қазақстан аруы-2016: қазақ даласының ұлы әйелдері