Шарасыздық

Еңлік Сыдықова: Мұхамедиұлымен жанжалды жалғастырудың қажеті жоқ

17
Бұрынғы студент Еңлік Сыдықова мен оның адвокаты Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына алымсақтық жасағаны үшін тағылған айыптаулар туралы істі басып тастауға шешім қабылдады.

АСТАНА, 14 жел – Sputnik. Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын пара сұрап, алымсақтық жасағаны үшін айыптаған Еңлік Сыдықова жанжалды жалғастырудың қажеті жоқ деп мәлімдеді.

Facebook желісінде Сыдықова мен оның адвокаты Гүлнара Жуасбаеваның бейнеүндеуі жарияланды.

"Мен, Сыдықова Еңлік, 2016 жылы 9 қазанда режиссерлерді қолдау ретінде Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты бейне жарияладым. Бұл режиссерлер айтқан сөздерінен бас тартып, кінәларын мойындағандықтан, жанжалды жалғастырудың қажеті жоқ деп санаймын. Бұдан былай сұхбат немесе түсінік бергім келмейді", — деп мәлімдеді Сыдықова.

Адвокат Жуасбаева өз кезегінде қызды толығымен қолдайтынын, клиенттің шешімі ол үшін заң болып саналатындығын айтты.

17