Түрме

Елбасы түрмеден шыққан азаматтарды әлеуметтік оңалту стратегиясын бекітті

23
Қазақстан президенті жарлғымен қайта қылмыс жасаудың алын алу үшін түрмеден шыққандарды әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету тапсырылды.

АСТАНА, 14 жел – Sputnik. Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Қаулы мәтініне сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдарына 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін Кешенді стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бірлесіп әзірлеу және бекіту тапсырылды. 

"Кешенді стратегияның мақсаты — бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды кешенді әлеуметке қосудың ұлттық жүйесін құру, оны тиімді іске асыру үшін қайталап қылмыс жасау деңгейін азайтуға ықпал ететін жағдайлар жасау болып табылады", — делінген жарлыққа қатысты түсіндірмеде.

23
Тақырып бойынша
ІІМ бұрын түрмеде отырғандардың ЭКСПО кезінде Астанаға баруын шектеуді қарастыруда