Инчхон халықаралық әуежайы

Инчхон әуежайы жертөлесіндегі бір тәулік: 23 қазақстандықты отанына қайтарады

13
Оңтүстік Кореяға "жабайы" болып бару мүмкін емес, жылдың басынан бері бұл елде екі мыңға жуық "қазақстандық заңсыз турист" тіркелді.

АСТАНА, 19 жел — Sputnik. Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайында 23 қазақстандық ұсталды, олар бір тәулік бойы жертөледе болды. Бүгін оларды елдеріне қайтарады деп хабарлады "Хабар 24".

Жексенбі, 18 желтоқсан күні Алматыдан ұшып келген 23 қазақстандық Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайынан шыға алмай қалды: жергілікті көші-қон полициясының қызметкерлері оларды елге кіргізбей қойды, себебі туристтердің көрсетілген мақсаттары шындыққа жанаспайды.

Ұсталғандардың бірі – Шухрат Тәжімұратовтың айтуынша, ол Кореяға турист болып келген, алайда ол сөзіне полиция сенбей қойыпты. 

"Біз Сеулге таңда жеттік, әуежайда бізді қалаға кіргізбей, бір рейстен 18 адамды ұстап қалды. "Сізді қалаға жіберуге себеп-негіз жоқ" дейді. Олардың сылтауы не ақшаң аз, ақшасы барларға тіл білмейсің дейді. Бізді қазір жертөледе ұстап тұр. Бәріміз 18 адамның құжаты дұрыс емес болуы мүмкін емес қой", — дейді Шухрат Тәжімұратов.

Кейінірек ұсталған қазақстандықтардың саны бес адамға көбейді.

Жағдайды ҚР-ның Корея Республикасындағы елшілігінің консулдық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ғабиден Темірбеков түсіндірді.

"Бәрі туриспіз деп келеді, бірақ оның артында күтіп алатын және Сеулді, Корея елін аралатын мекемелері жоқ. Сондықтан оларды, жаңағы мақсаттары сай емес деп кері қайтарып жатыр. Сондай-ақ Корея елі өте қымбат ел, ал демалушылар жеткілісіксіз қаражатпен келеді. 2-3 мың доллар бұл жерде ол екі күндік, бір күндік ақша деп есептелінеді", — дейді Темірбеков.

Кореяға туризм мақсатында саяхаттап келемін деушілерге консулдың айтар кеңесі мынадай.

Алдын ала Корея туристік компанияларға хабарласып, туристік ваучер сатып алу керек. Олар Инчхон әуежайына хабарласып, кепілдеме хат жіберу керек. Сонда демалушыны ешқандай кедергісіз өткізеді. 

13
Загрузка...