Зейнеткер

Дүйсенова зейнетақы мен балалар жәрдемақысы біртіндеп ұлғаятынын айтты

450
(Жаңартылды 10:57 18.07.2018)
Зейнетақы мен балалар жәрдемақысын көбейту екі кезеңге бөлініп жүргізіледі

АСТАНА, 20 желтоқсан— Sputnik. ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қазақстандағы зейнетақы мен балалар жәрдемақысын 20%-ға көбейту туралы баяндады.

"Зейнетақыны 20%-ға көбейтуге тапсырма берілді. 1 қаңтардан бастап 9%-ға көбейтеміз. 1 шілдеден бастап 11%-ға көбейтіледі. Сонда жыл бойына 20%-ға артады. Баланың туылуына байланысты берілетін жәрдемақыны 1 қаңтардан бастап 7%-ға арттырамыз, ал 1 шілдеден бастап 13%-ға көбейеді", — деді Дүйсенова сейсенбі күні үкімет отырысында.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген салтанатты жиында 2017 жылы зейнетақы мен баланың туылуына байланысты бір реттік жәрдемақыны 20%-ға көбейтуге бұйрық берді.

450
Кілт сөздер:
жөргекпұл, жәрдемақы, зейнетақы
Тақырып:
Жәрдемақы қалай төленеді (39)
Загрузка...