Мұхтар Тінікеев

Тінікеевті мемлекеттік қызметкерлердің Абырой кодексі бойынша жазалауға болмайды

13
(Жаңартылды 22:57 27.12.2016)
Депутаттардың "Абырой кодексі" "Парламент пен оның депутаттарының статусы туралы" заңмен реттеледі.

АСТАНА, 23 жел  – Sputnik. Депутаттар мемлекеттік қызметкерлердің Абырой кодексі бойынша жазаланбайды деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет департаменті директоры Мақсұт Утешев Мұхтар Тінікеевке қатысты дау туралы пікірін білдіріп.

"Депутаттардың статусы "Парламент және оның депутаттарының статусы туралы" заңмен реттеледі. Олар мемлекеттік қызметкерлерге жатпайды. Сол себепті Абырой кодексі оларға әсер етпейді. Олардың өздерінің этикалық мәселелерге қатысты ішкі құжаттары бар", — деді ол жұма күні брифингте.

20 желтоқсан күні әлеуметтік желіде аты шулы бейнежазба пайда болды, бір-бірін балағаттаған ер адамдардың бірі мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеевке қатты ұқсайды. Кейінірек Тінікеев бұл оқиғаны қалжың деп атап, бейнежазбадағы адамның өзі екенін мойындады.

13
Загрузка...