egov.kz парақшасы

Абаев: 18 қаңтарда онлайн режимінде тіркелу іске қосылады

126
(Жаңартылды 13:16 17.01.2017)
Қазақстанда онлайн режимде уақытша тіркелу мүмкіндігін енгізуге шешім қабылданды

АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Азаматтарды онлайн режимде тіркеу 18 қаңтарда пилоттық режимде іске қосылады деп хабарлады ҚР ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев.

"Тексеруден сәтті түрде өтсе, онлайн тіркелуді ертеңнен бастап пилоттық режимде іске қоса аламыз. Қазір сынақ жүргізіліп жатыр, жұмысқа барып, қалай істеп тұрғанын тексеремін. Содан соң осы туралы жазып хабарлаймын", — деді Абаев сейсенбі күні тілшілерге.

Абаев 16 қаңтарда Алматы қаласы Алатау ауданындағы ХҚКО-да болған кісі өлімі туралы да айтып өтті.

"Әуелі туған-туыстарына көңіл айтқымыз келеді. Айта кететін бір жайт, бұл оқиғаны толық зерттедік, ер адам жұмыс үстелі басында отырған. Медициналық көмек бірден көрсетіліпті. Менің білуімше, қазір ол кісінің науқас болғандығы анықталды", — деді министр. 

126
Тақырып:
Қазақстандағы уақытша тіркеу (10)
Загрузка...