Қоғам

Астана мектебінде қаза тапқан оқушының жақындары мұғалімдерге шағым түсірмек

© Photo : РixabayФемида
Фемида - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір күн бұрын елордалық мектеп оқушысының өліміне сыныптасының кінәлі екені анықталды, алайда оның жасына байланысты оған қатысты тергеу тоқтатылды

АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Елордалық мектепте қаза тапқан Темірұлан Диханбаевтың жақындары сегізінші сынып оқушысы өлген мектеп мұғалімдеріне қатысты азаматтық талап-арыз түсірмек. Осындай шағымды баланың өліміне кінәлі жеткіншектің ата-анасына да түсіреді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы

Қаза тапқан баланың көкесі Бауыржан Мусиннің сөзіне қарағанда, Темірұланның сыныптасы да, оның ата-анасы да туыстарынан кешірім сұрамаған. 

мектеп - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Тергеу Астанадағы оқушының өліміне сыныптасының кінәсі бар екенін анықтады

"Сол балаға қатысты қылмыстық істің тоқтағаны туралы қаулы ала салысымен, біз азаматтық тәртіпте жауап беруші ретінде оның ата-анасына, мектепке және медициналық қызметкерлерге шағым түсіріп, олардан өтем ақы талап ететін боламыз. Мұның бәрі ақша үшін деп ешкім ойламасын. Бұл қандай да бір жауапкершіліктің болуы үшін. Бізге ол ақшаның керегі жоқ. Оны біз соңынан балалар үйіне аударамыз", — деді қаза тапқанның туысы. 

Өткен жылы 30 қараша күні Астана қаласындағы №59 мектепте қайғылы оқиға болды. Мұғалім жоқ кезде өзара келіспей қалған сегізінші сынып оқушысы өз сыныптасын бірнеше рет ұрып жіберген. Соның салдарынан оқушы есінен танып қалып, көп өтпей қаза тапқан. Тергеу Темірұлан Диханбаевтың өліміне оны ұрған оқушының кінәсі бар екенін анықтаған болатын. Құқық бұзушылық жасаған кезде жеткіншек 14 жасқа толмаған, сондықтан оған қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылады.


Жаңалықтар
0