Қоғам

Қой терісін жамылған қасқыр: Ұлттық банк жалған банкнотты қалай ажыратуды көрсетті

© SputnikТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Банкноттың шынайылығын тексеру үшін қағаздың сапасына, су белгілері мен құбылған бояулар элементіне мән беру керек

АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Шынайы банкнотты анықтау үшін ҚР Ұлттық банкі бірнеше жайттарға мән беруге кеңес береді.

Сезін

Банкноттың шынайылығын тексеру үшін ең алдымен қағаздың сапасына қарау керек.

"Банкнотты әуелі сезініп көру керек. Банкнот қағазының өзіндік шытырлаған дыбысы болады. Бұл арнайы қағаз, банкнот шығару үшін арнайы қолданылады", — дейді ҚР Ұлттық банкінің қолма-қол ақшамен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы Тоғжан Әбішева.

Оның сөзіне сүйенсек, барлық банкноттардың арнайы белгісі болады, сол себепті қағаз беті бедерлі келеді. Мұны сипап көріп, сезінуге болады.

Қара

Банкноттың сипап көргеннен соң, зер салып қарау керек. Таза ма, бояуы аққан ба, суреттер анық бейнеленген бе – мән берген жөн. 

Алматыдағы жалған ақша шығарушылар цехы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жалған ақша шығарушылар цехы жабылды

"Банкнотқа жарық түсіріп, көптеген мәлімет алуға болады, бұл су белгілеріне қатысты. Қазіргі серияда аңыз құсы "Самұрық" бейнеленген, номиналдың сандық бейнесі. Яғни, бұл нақты сурет. Жалған ақшада мұндай нәрсе болмайды", — дейді Т. Әбішева.

Аудар

Ең соңында ақшаның шынайылығын тексеру үшін аударып көру керек. 

"Банкноттарда түсті құбылтатын бояулармен бейнеленген суреттер бар. Аударып-төңкеріп қарасаңыз, бояулар жасыл түстен, алтын түске дейін өзгеріп құбылады. Бұл "Спарк" элементі", — деп түсіндірді Ұлттық банк өкілі. 

Жаңалықтар
0