Қыз

Абаев: заңға қайшы контенттің көлемі адам айтқысыз ұлғайып кетті

16
(Жаңартылды 12:18 09.02.2017)
Ғаламтордағы құқыққа қайшы контент балаларға кері ықпал етеді дейді ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев

АСТАНА, 9 ақп — Sputnik. ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев атап өткендей, ғаламтордағы зиянды ақпарат ұлғайып барады және оның ауқымына көз жұма қарауға болмайды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Министрлік заңнама талаптарының орындалуы бойынша ақпараттық өріске үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Қазіргі кезде бұл аса өзекті мәселеге айналды. Құқыққа қайшы контенттің көлемі адам айтқысыз ұлғайып барады. Оның азаматтарға, әсіресе, балалар мен жасөспірімдерге деген деструктивті ықпалын елемеуге болмайды. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер", — деді Абаев министрліктің кеңейтілген коллегиясында.

Құқыққа қайшы контентке қарсы күрес аясында, министрдің берген мәліметіне сүйенсек, шетелдік алдыңғы қатарлы әлеуметтік желілер және іздеу қызметтерімен тығыз қарым-қатынас орнатылған. 

16
Тақырып:
Қазақстан ведомстволары 2016 жылы атқарған жұмыстар қорытындысы (5)