Тілшілер

Абаев тележүргізушілердің кәсіби біліктілігінің төмендігіне алаңдайды

8
(Жаңартылды 12:19 09.02.2017)
Телекөрсетілімдер сапасына көңіл толмайтынын министр қазақстандықтар арасында өткізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде білген

АСТАНА, 9 ақп — Sputnik. Телеарналар шығаратын контент пен тілшілердің деңгейін мұқият қарастыруы тиіс деп санайды ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

"Жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сәйкес, жарнаманың көптігі, өңірлік контенттің аздығы, Қазақстан туралы танымдық бағдарламалардың тапшылығы, қазақстандық телевидениедегі тілшілер біліктілігінің төмендігі халықтың наразылығын тудырады. Телераналар бұл мәселені мұқия қарастырып, көрерменнің ықыласынан айырылып қалмас үшін шаралар қабылдауы керек", — деді Абаев министрліктің кеңейтілген коллегиясында.

Оның сөзіне сүйенсек, телевидение мен радионы дамыту мақсатында бірнеше басымдылық қарастылылды: біріншіден, 2017 жылы отандық телехикаялар санын ұлғайту көзделіп отыр.

"Екіншіден, КРІ жүйесін енгізу арқылы телерадиоарналар қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, олардың конкурстық іріктелуін жетілдіріп, кадрлік резерв құру қажет", — дейді министр.

Үшіншіден, министр биыл наурыз айында қазақстандық көркем және деректі фильмдердің көрсететін "Еларна" телеарнасының іске қосылатындығын еске салды.

"Төртіншіден, елдің шекаралық аумақтарында мемлекеттік радиоарналардың таралу сапасы мен ауқымдылығын жоғарылататын боламыз. Бесіншіден, телеарналарды HD форматқа өткізу жұмыстарын жалғастырамыз. Сол кезде ғана әлемдік ресурстармен шынайы бәскелестікке түсуге мүмкіндік туады", — деп атап өтті ведомство басшысы.

8
Тақырып:
Қазақстан ведомстволары 2016 жылы атқарған жұмыстар қорытындысы (5)