Almaty Towers ғимаратындағы өрт туралы баспасөз мәслихаты

Almaty Towers өртінің құрбандары туыстарының адвокаты: бұл көптеген адамның кінәсі

5
(Жаңартылды 18:11 30.06.2017)
Адвокат Ерлан Бекполовтың пікірінше, Almaty Towers ғимаратындағы өрт пен адамдардың қазасына батут орталығының директоры ғана емес, ғимарат әкімшілігі мен өрт сөндірушілер де кінәлі

АСТАНА, 9 ақп — Sputnik. Almaty Towers ғимаратындағы өртте қаза тапқандардың туған-туыстары жалдаған адвокат ТЖ жөніндегі департамент қызметкерлері мен ғимарат әкімшілігінің жазаға кесілуін көздейді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі.

Қаза тапқан студенттер Екупжон Тохтамышев, Исмаилжон Исраилов, Абылайхан Зутебековтың туған-туыстарының мүддесін жақтайтын құқық қорғаушының айтуынша, өрт хабарлағыш пен спинкерлік өрт сөндіру жүйесі жұмыс істемеген, өрт кезінде шығатын жолда кеңсенің болуы тәртіпбұзушылық болып саналады. Бұл үшін ғимарат әкімшілігі өкілдері мен қалалық ТЖД қызметкерлері жазалануы тиіс. 

Сонымен қатар, адвокат тілшілердің назарына әуесқой бейнежазбаны ұсынды, оны салынып жатқан батут орталығының қызметкерлері түсіріпті. Қорғаушы бұл бейнені айғақ ретінде алға тартады: ешқандай дабыл үні естілмеген. Адамдар өртті көргеннен соң ғана ғимараттан қашып шыға бастапты. 

Келесі бейнені адвокаттың өзі түсіріпті: ол батут орталығында қалып қойған адамдар есігін аша алмай қойған кеңсеге барған, бұл өрт кезінде қауіпсіз жерге шығатын екінші жол екен.

5