Қоғам

Өтебеков: сот күзетшілерін қаруды емес, смартфондарды алып қоюға бағыттайды

© Sputnik / Сергей КимДжохар Утебеков
Джохар Утебеков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Адвокат Джохар Өтебеков Қостанай облысы Амангелді аудандық сотында орын алған ер адамың әйелін өлтіру оқиғасынан кейін Sputnik Қазақстанның сұрақтарына жауап берді.

АСТАНА, 1 нау – Sputnik. Соттардың күзетін қауіпсіздікті қамтамасыз ету емес, смартфондарды алып қоюға бағыттайды. Мұндай пікірді  Sputnik Қазақстанға мемлекеттік мекемелерде келушілерді кіргізу тәртібін қаталдандыруға қарсылық білдіріп жүрген адвокат Джохар Өтебеков білдірді. 

Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Кезекшілік кезінде әйел өлімі болған сот күзетшілері жауапқа тартылады

Қостанай облысы Амангелді аудандық сотында кеше ажырасу кезінде күйеуі әйелін өлтірген қайғылы оқиға, адвокаттың пікірінше, қорғау қызметі туралы заңдағы зор кемшілікті көрсете білген. 

Бір күн бұрын Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі "Қайғылы оқиғадан кейін аудандық соттардың төрағалары және соттардың мамандандырылған күзет қызметінің басшылығымен бірлесе отырып, жұмыс тәртібінде қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі", деген хабарлама таратты. 

Өтебековтің пайымдауынша, процесске қатысушылар мен адвокаттарға сотқа кіру енді бұрынғыдан да қиынға соқпақ. 

— Сот күзетшілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы ақпаратқа қатысты қандай пікір білдіре аласыз?

— Бұл қайғылы оқиғаны Жоғарғы сот барлық келушілерді ғана емес, сонымен бірге мен секілді адвокаттарды да тексеріп кіргізуді күшейту үшін еркімен немесе еріксіз, әдейі немесе олай емес, пайдалануы мүмкін. Тиісінше бұл біздің заңды құқықтарымыздың бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін, өйткені адвокаттық қызмет туралы заң адвокатты, оның заттарын тексеруге тыйым салады, оған тек заңмен рұқсат етілген жағдайда ғана жол берілуі мүмкін.  Ал соттарда адвокаттарды тексеру туралы заң осы күнге дейін қабылданбаған. Жоғарғы соттың ІІМ-мен бірлесіп бекіткен заңға тәуелді актілер бар, бірақ олар заңсыз, өйткені ол бар болғаны заңға тәуелді акт. 

—  Сіздің пікіріңізше, егер сотта болу ережелері қаталдандырылатын  болса, бұл әрекеттер Амангелді сотындағы жағдайға жауап болады ма, жоқ әлде бұрын басталған процестің жалғасы ма? 

Астанада - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ІІМ полицияға бағынбауға салынатын айыппұлды көбейту себебін түсіндірді

— Әбден мүмкін. Мен жалпы ойымды айтып қойдым. Бірақ Жоғарғы сот соттарды күзетуге қатысты саясатының түбінде қате болғанынан тұжырым шығаруы тиіс, өйткені олар күзетшілерді сотқа келушілер мен судьялардың өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге емес келушілерден смартфондар мен ноутбуктерді алып қоюға бағыттаған.  Қайғылы оқиғаның орын алуына осы әкеліп соқтырды ма деп қорқамын. Қазір сот приставы мен полицейді, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының күзетшілерін алаңдататын жалғыз мәселе ғана: адамдардың смартфон алып кіріп кетпеуі. Бұл жерде жеке нұсқаулықтарының бұзылуы, менің түсінуімше металліздеуші дұрыс істемеген. Бұл жерде соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге сұрақтар туындайды. Мәселен, Алматы қалалық сотында, мені таңғалдырғаны  (полиция қызметкерлері, күзетшілер) металліздеушіні қалаулары бойынша қосады. 

—  Кімнің қалауы бойынша? 

— Мен, мәселен, сөмкемді тексеруге беруден бас тарып, металліздеушіні қосуларын талап етемін. 

- Яғни басқа уақытта ол өшіп тұрады ма? 

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ІІМ Алматы әуежайында болған сынапқа қатысты оқиға туралы пікір білдірді

— Иә, ол әдетте өшіп тұрады. Яғни ол жұмыс істейді, бірақ оны тіпті пайдаланбайды. Ал көптеген соттарда ол жұмыс істемейді немесе мүлдем жоқ. 

- Сіздің пікіріңізше, соттарда смартфон, нутбук және өзге гаджеттерді алып қоятындай неден қорқады? 

— Меніңше, екі нәрсе. Біріншіден, сот қызметкерлері, сот ғимараты суретке түсіп қалып, ыңғайсыз жағдайға қалмау үшін. Түсіп қалмау үшін… процесске судьялардың мас күйінде келген кездері болып еді ғой. Ал екіншіден, судьялар мен сот қызметкерлері тарапынан қандай да бір жемқорлық сипатындағы көріністерінің бейнежазбаларын болдырмау үшін. Олардың ақпараттық қауіпсіздік туралы уәждері әрине арсыз өтірік. 

— Сіздің пікіріңізше, Амангелді аудандық сотында болған оқиғадан кейін қандай адекватты шаралар қабылдануы тиіс? 

Қазақстандық полицейлер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ІІМ: полицейлерге қарсы озбырлық үшін жазаны қатаңдату керек

— Мен Жоғарғы сотқа бізді үңгір дәуіріне қайтару әрекеттерін доғарып, барлық келушілерге сот ғимаратына ноутбук, смартфон, диктофондар кіргізуге рұқсат беруін ұсынар едім. Немесе сот процесстерінде тыныштық үшін күрес жүретін болса адамдардан дыбысын өшіруде талап ету. Ал қауіпсіздікке келер болсақ, әрине сотқа келушілер қару алып кірмеуі үшін металлодетекторлар мен қазіргі таңда әуежайларда қойылған толыққанды қондырғылар (ретгендік) орнату. 

—  Ал күзетшілердің жеке заттарды, сөмкелерді тексеруі заңды ма? Ол жүргізілгеннің өзінде, онда куәгерлер болмайды ғой.  

— Меніңше, бұл жерде мәселенің бәрі заңнамалық реттеудің болмауында. Бұл жерде бізде кемшіліктер орасан зор. Бізде күзет қызметі туралы заң бар, ол жерде нысандар, мемлекеттік мекемелер, оның ішінде соттар мемлекетпен күзетіледі деген бірнеше қатар ғана бар. Ол күзеттің қалай жүзеге асырылатыны реттелмеген. Меніңше, осы қайғылы оқиғадан кейін күзет қызметі туралы заңға толықтырулар енгізіп, барлығын реттейтін кез келген сияқты. Оның ішінде сот ғимаратында адамдардан смартфон және өзге техниканы алып қоюын доғару үшін, олардың құқықтарын қорғау қажет.   


Жаңалықтар
0