Қоғам

ҰБТ-ға Баян Есентаева мен Нұртас Адамбай туралы сұрақтар енген

© из соцсетейБаян Есентаева
Баян Есентаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тестілік сұрақтарды құрастырғандардың атап өтуінше, біріңғай емтиханның бүкіл сұрақтары мемлекеттік стандарттарға сәйкес келеді

АСТАНА, 3 нау – Sputnik. Ұлттық орталық Баян Есентаева жайлы сұрақтың неліктен тестілеуге енгізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды КТК телеаранасы. 

"Баян Мақсатқызы енді ҰБТ-ның сұрақтарынада жүр! Биылғы түлектерге арналған тестке атышулы продюсер туралы сауал енгізілген. 1-ші қаңтардан бастап жаңа форматқа өзгертілген сұрақ-жауапта Баяннан бөлек талай әртіс-шоумендердің аты аталған екен. Ал қазақ тілі мен әдебиетінің орнын басқан «Оқу сауатылығы» пәнін ойға келмейтін сұрақтармен толтырған Ұлттық тестілеу орталығындағылар болса, жастарды шоуға тарттық деп мәз", — дейді телеарна тілшісі.

Жылда реформа жасамаса көңілі көншімейтін Білім министрілігі биылдан бастап Ұлттық тестілеуден қазақ тілі мен әдебиетін алып тастаған. Қаңтардан енгізілген сол ереже, емтихан басталмай жатып қып-қызыл дауға қалды. Өйткені, оқушы түгілі шоу-бизнесте жүргендердің өзін шатастыратын сауал көп. 

Сұрақ – Сұхбат қандай мақсатпен алынды?

А) Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін

В) Ермек Тұрсыновтың фильмдерін жарнамалау үшін

С) Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін

Д) Отандық фильмдерге талдау жасау үшін

Е) Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін.

Осылайша, жоғары оқу орнына түсу үшін Баян туралы білу ауадай қажет боп шықты. Аты-шулы продюсер мен комедиялық әртіс жайлы тест сұрақтары қазақ тілі мен әдебиетінің орын басқан "Оқу сауаттылығы" атты пәннің ішінде жүр.

"Біз мұны білдік осындай болатынын. Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуден өтетіндердің қызығушылығын көтеру үшін.  Баян Есентаева мен Нұртас Адамбай  туралы сұрақ та бар.  Олар киноматография, кино саласы дамуы  туралы өзінің ой-пікірін көрсеткен", — деген пікір білдірді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов. 

Небәрі 8 күннен кейін түлектерден ұлттық тесті тапсыруға өтініштер қабылдау басталады. Бұл сынақ бұрынғы сынақтан өзгерек болмақ. Мектеп бітірушілер міндетті үш пән —"Математика сауаттылығы", "Қазақстан тарихы" және осы шоу-бизнестен сауатын ашатын "Оқу сауаттылығы" пәндерінен, сондай-ақ өздері таңдаған екі пәнен сынақ тапсырады.


Жаңалықтар
0